Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Презентации  /  3 класс  /  "ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖЕКЕ-ДАРА ЖҰМЫС жасау жолдары "

"ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖЕКЕ-ДАРА ЖҰМЫС жасау жолдары "

свмчамьсаиьиапьапсьапипам
10.03.2021

Содержимое разработки



Р/с




Қатысушының толық аты жөні

Жетекшісінің аты жөні

Байқау тақырыбы

Сыныбы

Жетекші номері

1




Айдынұлы Абзал


Тайболатова Сымбат Ерболатовна


Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы


3 Ә




87789894625




2




3




4




Манатбекова Арайлым Есенқызы


Ақылбек Жанель Асланқызы



Тулеу Алуа Асқарқызы



Тайболатова Сымбат Ерболатовна


Тайболатова Сымбат Ерболатовна


Тайболатова Сымбат Ерболатовна


Елімнің елеулі тұлғасы



Ұстазым менің, ұстазым!


Арайлы алтын күз


87789894625

























Эссе Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы





Абай қазақтың бас ақыны дейміз. Абай қазақ әдебиетіне ғана емес, бүкіл әлемге орнын ойып тұрып із қалдырған ақын. Абай қазақ еліне еңбегі сіңген ұлы жазушы. Абай-қазақтың ғана емес, бүкіл әлемнің мақтанышы десем артық болмас. Абайды танымайтын, білмейтін қазақ кемде-кем. Әр қазақтың баласы ойына есіне Абайды құйып, ойлап өссе нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ елінде әр ата-ана, әр ұстаз Абайды балаларға үлгі тұттырып, Абайды оқытып өсіреді. Абайдың есімі ешқашан жойылмайды. Себебі, Абай өзінің ұрпақтарына қара сөздерін, оқу құралдарын, өлеңдер жинағын мұра етіп қалдырғаны бәрімізге мәлім. Нағыз ақын мен жазушылар өзінің заманында ғана емес, әрқашан үлкен із болып қала береді. Нағыз ақын деп –Абайды айтар едім. Оның әр сөзі адамды жамандықтан алшақтата түседі, қара сөздерін оқығанда өмірге деген талпыныс күшейеді. Абайды қазір бүкіл әлем таниды, біледі. Абай жазушы ғана емес, қазақтың ұлағатты ұстазы десем де болады. Ол өз сөздерінде қазақтарды оқу, білімге ғылымға ізденуге шақырады. Мысалы, «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар , мінез деген нәрселермен озады» деген сөзі. Абайдың осы сөзі адамды терең ойға батырып, алып кетеді. Себебі, қазіргі заманда адамдар байлық, бақыт, дүние мүлікпен мақатанады. Бір-бірімен жарысады. Ақыл, ғылым бар болғанмен адамда ар-ұят, мінез болмаса ақыл адамға ешқашан көмектеспейді. Абайдың осы қара сөзі, дана сөзі арқылы балаларды білімге , оқуға шақырады. Тағыда Абайдың «еңбек-қуаныш, жалқаулық арылмас азап» деген сөзі бар. Расында да еңбек арқылы біз байлыққа бақытқа жетеміз. Ал адам баласының бойында жалқаулық болса ол адам ешқашан бақытты болмайды. Керісінше, азап тартады. Абайдың сан жетпес сөзі бар. Оның барлығын айтар болсақ, кім білсін барлық адам баласы оқуға ұмтылады. Біз қазақ балалары азамат-азаматшалары Абайды танытып, оның сөздерін насихаттауымыз қажет. Абай сияқты жарық жұлдыздар мың жылда бір туады. Сондықтан біз Абайды, жарық жұлдызымызды бағалап, насихаттап жүруіміз қажет.

















«Ұстазым менің ұстазым»

атты эсселер байқауына!





Сүйікті - ұстазыма! Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын,

адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор,

бала жанын түсіне алатын болса ғана, ұстаздық кәсіптің шыңына жете

алатыны сөзсіз. Осындай қасиеттерді біздердің бойымызға дарытып жүрген

ұстаздарымыздың бірі туралы сыныбымыздың атынан жазуды жөн көрдім.

Рыскүл апай! Біз сізді қатты жақсы көреміз. Сізге барлық жақсылықты,

ешкім көрмеген бақытты тілейміз. Сымбат апайым! Сіздің әрбір сабағыңыз

түрлі ойынға, қызыққа толы. Сіз бізге неше түрлі ойындарды ойнауды

үйреттіңіз. Міне, сол ойындардың ең қызықтысы «Құпия дос» - ойыны

арқылы, сізге, сіздің шәкіртіңіз әрі құпия досыңыз ретінде алғысымды

білдіргім келеді. Әрбір өткен қызықты сабақтарыңыз үшін көп рахмет.

Көштен қалдырмай сайыстарға да қатыстырып келесіз. Сізге деген

алғысымызды шын жүректен жазып отырмыз. Қаншама ашық сабақ өттік,

әрбір ашық сабақ қызыққа толы болды. Біз сізді қатты-қатты жақсы көреміз.

Сіздей ұстазды жарық дүниеге әкелген анаңызға мың алғыс айтамыз!!!

Асыра мақтағаным емес, сіз соған лайықтысыз. Шын жүректен 3«ә»

сыныбының атынан шәкіртіңіз Ақылбек Жанель деп білерсіз.















Шығарма

Елімнің елеулі тұлғасы





Алтай мен Атырау арасын алып жатқан мына дархан төсін қанымен, терімен

суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты

нәтижесінің айғағы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

толуымен байланысты. Осы орайда 2016 жылы "ҚазАқпарат" баспа

корпорациясының баспаханасынан "Ұлы даланың дара тұлғалары" атты

ортақ айдармен "Қазақ хандары", "Қазақ би-шешендері", "Қазақ батырлары",

"Қазақ тарихындағы әйелдер" атты танымдық жинақтар жарық көрді. Бұл

жинақтарда – осынау тарих көшінде қазақ топырағында өз заманының биік

тұлғасы болып қалыптасқан ұлағатты адамдардың өмір-тарихын қамтитын,

қысқаша мәліметтер берілген. Осы жинақтар хақында Елбасы Н.Ә. Назарбаев

"Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы

ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым

орынды мақтан ететін болады" -дейді. Яғни, тарихты жасайтын ұлы

тұлғаларымызды өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашатын

бұл жинақтарды біздің кітапханамыздың қорынан алып, танысуларыңызға

болады.

















Эссе Арайлы алтын күз





Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады.

Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.



























Шығарма

Туған елім – мақтанышым



Менің туған елім, Қазақстан. Біздің жеріміз тәуелсіз, кең-байтақ.

Мен Қазақстанда туып өскенімді мақтан тұтамын. Қазақстанның алтын дәнді даласы Ақордадай қаласы, әсем жерлері бар.

Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. Отаным менің Қазақстан. Еліміз әлемге танылған мемлекет болды. Қазақстанның табиғаты тамаша. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.

Биік – биік асқар тау, мөп – мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар.

Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.









-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖЕКЕ-ДАРА ЖҰМЫС жасау жолдары " (24 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт