Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Тақырыбы "Геометриялық пішін - төртбұрыш."

Тақырыбы "Геометриялық пішін - төртбұрыш."

Саба?ты? ма?саты:

  1. Геометриялы? пішін – т?ртб?рышпен таныстыру.
  2. Балаларды? танымды? ?абілеттерін арттыру,ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту, ке?істікті ?абылдауын дамыту, т?ртб?рышты ??сас заттармен салыстыра отырып с?здік ?орын дамыту, пішінді ?абылдауын ?ада?алау.
  3. Ойын-тілін, танымды? ?рекетін дамытып, баланы ?зін ?орша?ан орта?а деген с?йіспеншілікке т?рбиелеу.
10.12.2016

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішін - төртбұрыш.

Сабақтың мақсаты:

  1. Геометриялық пішін – төртбұрышпен таныстыру.

  2. Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту, төртбұрышты ұқсас заттармен салыстыра отырып сөздік қорын дамыту, пішінді қабылдауын қадағалау.

  3. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Көрнекі-құралдар: төртбұрыш, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.

Бүгін геометриялық пішін төртбұрышпен танысамыз. Кластың ішіндегі төртбұрышты ұқсас заттарды атап салыстырамыз.

III. Жаңа сабақ. Танымды оятушылық.

Жылулық шеңбері: -Үлкенге де «Сіз»

-Кішіге де «Сіз»

-Баршаңызды құрметтеп

-Бас иеміз «Біз»

Ал,енді балалар барлығымыз көңілді отырып төртбұрыш бейнеленген суреттерді бояймыз. Альбоммен жұмыс:

IY.Сергіту сәті:   Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Сәлем беру үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Сәлем дейік үлкенге

Саламатсыздар ма ?

Пішіндер өздерін таныстырады:
Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын

Домалақпын, домалақпын
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

IY.Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.   

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қызықты өтсін бүгінгі күн!

"Пішіндерді ата" ойыны

Балалар аққаланың, машинаның пішіндері қандай екен? Бұл аққала, машина, мысық геометриялық пішіндерден құралған екен? Қараңдаршы, басы қандай пішін екен? Денесі қандай пішін екен? Аяқтары қандай пішіннен құралған екен?



IY.Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.   

IY апта

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын

-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты ( қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, ( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, Мейірім, Бақытты! ( қолдарын екі жаққа созады)

IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.   

Тапсырма: Нені құрастырдың? (Геометриялық пішіндерден өздерінің қалаған заттарын құрастыру)

Сурет бойынша әңгімелесу. Оқушылар суреттерге қарап мұғаліммен бірге суреттеп айтып береді. Суреттерді бояу. Пазл.

V. Бекіту.

"Үй тұрғызайық" ойыны.



Сұрақ-жауап, ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.

VI. Қорытынды. Геометриялық пішін төртбұрышпен танысып,төртбұрыш бейнеленген суреттерді бояп үйрендік.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы "Геометриялық пішін - төртбұрыш." (184 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт