Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  6 класс  /  Сенімділік күш береді

Сенімділік күш береді

Тренинг «Сенімділік күш береді»

(ОЖСБ, ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау)

Мақсаты: Оқушылардың ОЖСБ -ға, ҰБТ-ге дайындық кезеңіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.

Құрал-жабдықтар: ақ парақтар, қалам, музыка.

Барысы: Құрметті оқушылар! Сіздердің алдарыңызда үлкен бір міндет тұр, яғни ОЖСБ, ҰБТ тапсыру. Сол ОЖСБ, ҰБТ-ді тапсыру кезінде сенімділікті бойларыңа қондыру, психикалық күштен (стресс пен қорқыныш) арылу сияқты психологиялық тұрғыда дайындау кезеңдерінде осы тренингті өтеміз.

Ең алдымен, тренинг барысында мына ережелермен танысып алайық;

  • Белсенді қатысу
  • Тыныштық сақтау
  • Бірін-бірі тыңдау
  • Ойын ашық айту
  • Бір-бірін сынамау
  • Ынтымақтылық

ОЖСБ, ҰБТ тапсыру кезіндегі ең қажетті сапа:

  • Бір істен тез екнішіге аусып кету
  • Іс-әрекеттің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы
  • Жоғары және тұрақты жұмыс қабілеті
  • Жоғары деңгейлі зейін тұрақтылығы, еркіндігі
  • Ойдың анық және құрылымдығы
  • Ішкі әрекет жоспарының қалыптылығы
  1. Жаттығу «Жылдамдық»

Мақсаты: оқушылардың жылдмадық реакциясын дамыту.

Нұсқау: мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2-әрпін жазасыздар.

Берілген сөздер: ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі.

Сенімділік – адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.

Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірбиесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

  1. Жаттығу «Жағымды сөздер».

Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген адамға доп лақтырады.Допты алған ойыншы келессі ойыншыға жағымды сөзін айта отырып лақтырады.

  1. Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі»

Мақсаты: жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыт

Нұсқау: алдарыңыздағы екі қағазды екі бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына «+» белгісін, сол жақ бұрышына «-» белгісін белгілеңіздер. Енді «+» белгісі бар бөлікке өздеріңіздің ОЖСБ-ға байланысты жағымды және

жылы сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал «-» белгісі бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақты жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.

Енді осы теріс жағдайлардан арылғымыз келеді ме? Не үшін?

Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қырқып, қағазды умаждап қоқысқа тастаймыз.

  1. Жаттығу «Сілкіп таста»

Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.

Нұсқау: кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. «ОЖСБ-ға жақсы дайындала алмаймын, Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын» деген сияқты ойлар келеді.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Осы сәтте өзіңізді жағымды жайлардан арылғандай сезінесіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыздар да болады, беттеріңізді де сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңіілді болудасыз немесе көңілді күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыздар: мен ақылдымын, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен дайынмын.

  1. Жаттығу «Мен саған сенімдімін»

Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту.

Ойыншылар жұп болып біріігіп, бір-біріне қарам-қарсы қарап, үнсіз уақыттан кейін кезекпен мынадай сөздерді аяқтау.

  • «Мен саған сенімдімін, сен..»

Талдау: сөйлемді аяқтау оңай болды ма, әлде қиын болды ма?

  1. Релаксация «Күн шуақты алаңқай»

Мақсаты: қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау:көзіңізі жұмып, елестетіңіз, күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күг шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге дейін түсті. Одан кейін мойныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сіздерді жылытты.

«Күн шуақты алаңқай» қызыл, сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіз ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, ұнатқан адамға беріп, жылы лебіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.

Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай? Қандай әсер алдыңыздар?

Жаттығулар рефлексяимен аяқталады. (сабақты оқушылармен талқылау)

Қорытынды. Мен сіздерге ОЖСБ-ды тапсыру кезінде сенімділік, сәттілік шыдамдылық, белсенділік тілеймін. Жақсы деген бағаға тапсырып шығуларыңызға тілектеспін.

Мектеп психологі: А.Шайхиева

08.02.2018

Содержимое разработки

  • «Мен саған сенімдімін, сен.....»

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель начальных классов

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сенімділік күш береді (41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт