Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Проверочные работы  /  6 класс  /  Шынықсаң – шымыр боласың

Шынықсаң – шымыр боласың

Оқушыларды шапшаңдыққа, дәлдікке, күштілікке баулу

22.12.2017

Содержимое разработки

Жақсыбай негізгі орта мектебінің

І санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Жангалиева Рысгул Алдабергенқызы

Тақырыбы: Шынықсаң – шымыр боласың

Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу
Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру.
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшандылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: доптар, секірпелер, кегли, ысқырық, т.б..
Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Негізгі бөлім: Құрметті көрермендер! Ұстаздар ! ата-аналар, оқушылар, барша спорт сүйер қауым! 

Қазастан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Шағын орталық және мектепалды даярлық сынып оқушылары арасында «Шынықсаң – шымыр боласың» эстафеталық сайысына қош келдіңіздер! Бұл эстафеталық сайысты Жақсыбай негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жангалиева Рысгул Алдабергенқызының ұйымдастыруымен өткізілді.
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боласың
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Жарысқа қатысушы Сұңқар тобы мен Тұлпар тобын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.

Спорт сүйер қауымға арнап қазақ биі: Жақан Айдана
Бүгінгі ойынымыздың кезеңдері:
1-кезең Таныстыру. (Топ аты, ұраны, эмблема)
2-кезең «Кенгуру»
3-кезең «Паравоз»
4-кезең «Фут баскет»
5 -кезең Қорытынды.

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Әділқазылар алқасы:
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Рахметова
2. Бастауыш пән бірлестік жетекшісі: Ш.Бекқожина
3. Бастауыш сынып мұғалімі: И.Бимұратова
Ойын барысында ескерілетін мәселелер: қауіпсіздік ережесін сақтау, команда құрамын түгел қатыстыру, әр ойынның қорытындысын айту, командалардың ұпайын есептеп, жеңген команданы анықтау, марапаттау.
Ән: Чемпиондар

-75%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Шынықсаң – шымыр боласың (13.23 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт