Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Мероприятия  /  10 класс  /  «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуальды ойыны

«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуальды ойыны

Білімділік: Студенттердің зеректік қабілеттерін дамытып ой

өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық

ойлы студентті қалыптастыру, ойын сабақтарға белсенділігін дамыту

Дамытушылық: : Студенттердің дүниетанымын, білімге қызығушылығын,

жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау және ойлау,

ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоғамдық, көпшілік орындардарда өзін-өзі мәдениетті

ұстай алатын, өз пікірін еркін жеткізетін, өз мүмкіндігін

дұрыс пайдалана алатын зерделі де сабырлы тұлғаны

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын

23.05.2018

Содержимое разработки



Сабақтың тақырыбы: «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуальды ойыны

Сабақтың мақсаты: 

  Білімділік:           Студенттердің зеректік қабілеттерін дамытып ой

                                 өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық  

                                 ойлы студентті қалыптастыру , ойын сабақтарға белсенділігін дамыту 

                                 

 

 Дамытушылық: :           Студенттердің дүниетанымын, білімге қызығушылығын, 

                                жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау және ойлау,      

                                ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

 

 Тәрбиелік:            Қоғамдық, көпшілік орындардарда өзін-өзі мәдениетті      

                                 ұстай алатын, өз пікірін еркін жеткізетін,  өз мүмкіндігін 

                                 дұрыс пайдалана алатын зерделі де  сабырлы тұлғаны 

                                 тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:    Интеллектуалды ойын   

 

Сабақтың әдісі:   Жаңа технологиялар арқылы сұрақ-жауап, тест  

 

Сабақтың көрнекілігі:   безендірілген сахна, ойынға қажетті жаңа            

технологиялар (компьютер, слайд,    музыкалық  аппаратура,  фотоаппарат,видео камера)  

 

 

Сабақтың барысы:

1. Ойынның  мақсатымен  таныстыру.

 2. Ойынның шартымен  таныстыру.

3.Ойыншылармен таныстыру.

4. І тур жеңімпаздарын   анықтау.

 5.ІІ тур жеңімпаздарын анықтап,  марапаттау.

 6 .Қорытындылау



Жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың!

Биология, химия тіршілікпен жасанғансың

Математикаға туыс атанғансың

Менделеев,Гиппократ, Ломоносовтан бата алғансың!



Құрметті оқытушылар, студенттер!

«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуальды ойынымызға қош келдіңіздер!. Бұл сайысқа 1 курс студенттері қатысады. Бұл сайыс барысында сұрақтар математика, биология ,химия пәндері бойынша қойылады.

Мақсатымыз : озық    ойлы студентті анықтау , өз пікірін еркін жеткізетін,  өз мүмкіндігін  дұрыс пайдалана алатын, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдайтын қасиеттерімізді дамыту      

                               

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың І турын бастаймыз.

І тур. Көрермендер арасынан 10сұраққа жауап берген10 студент қатыса алады.

Сұрақтарды бастаймыз, мұхият тыңдаңыздар!

1.Қолда еритін элемент(цезий)

2.Айдаhар кейпіне ұқсайтын элемент(күкірт)

3.Сөндірілмеген әк деген атаумен аталатын қосылыс(кальций оксиді)

4.Алғашқы көмек көрсету кезінде қолданатын бейметалл элементі(йод)

5. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)

6.Санның жүзден бір бөлігі (пайыз, процент)

7. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)

8. «Ми рефлекстері» (1863) деген еңбектің авторы кім? (Сеченов)
9. Екі өкпенің айырмашылығы?( Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемі, әрі біршама қысқа)
10. Адам миы салмағының қанша пайызын үлкен ми сыңарлары алып жатыр?(80)


Енді ойынға қатысушы 10 ойынпаз ортамызда тұр. Олар өздерін таныстырып өтсін. Ойынды ары қарай жалғастыру үшін ойын шартымен таныстырайын.Сіздер ойынға қатысу үшін сұрақтарға жауап бересіздер.Ең көп жауап берген 3 ойыншы ары қарай жалғастырады Ең көп сұраққа жауап берген ойыншы 1 - ші болып ойынға шығады. 1 - ші ойыншы сұрақтарға жеңілдіктерін пайдаланғаннан кейін жауап бере алмаса ол ойыншы ойыннан шығып, орнына 2 - ші көп сұраққа жауап берген ойыншы келеді, кейін 3 ші ойыншы келеді.Қиындық туғызатын сұрақтарға 3 жеңілдік беріледі.
І. Зал көмегі.
ІІ. 50*50.
ІІІ. Досыңнан көмек.

І. Зал көмегінде, берілген сұраққа көрермендер қол көтеру арқылы жауап бере алады. Көрермендер қойылған сұрақты мұқият тыңдап, тез жауап беруіміз қажет.


ІІ. 50*50, бұнда берілген жауаптардың ішінен екі дұрыс емес жауапты алып тастаймыз

ІІІ. Досыңнан көмек, зал ішінде досыңыз болса30секунд беріледі, ол жауабын сол уақыт арасында, беру тиіс кейін берілген жауап қабылданбайды.


Мен тапсырманы оқимын,ойынға қатысушылар мұқият тыңдап жауап беріңіздер!

Сұрақ :

1) Ересек адамның миының салмағы (1450 грамм)

2) Синус 300 градуста қандай мән қабылдайды ()

3) Әк суы деген атпен белгілі элемент ( кальций гидроксиді)

4) ) Ең кіші жай сан (2)

5) Тірі ағзаның қызметін және оны реттеу тетіктерін зерттейтін ғылым (физиология)

6) Ас тұзының формуласы ( натрий хлориді)

7) Тірі материяның қарапайым құрылысы мен дамуының ең кіші өлшемі (жасуша)

8) Периодтық жүйедегі металдар саны (88)

9) 25% - санның қандай бөлігі ( )

10) Көміртектің аллотропиялық өзгерісін ата ( алмас,графит,фуллерон,карбин)


Ең көп сұраққа жауап берген 3ойыншы алдарыңызда.Біз сіздерді ойынға өтулеріңізбен құтықтаймыз!.

Сонымен ІІ турды бастаймыз!

ІІ тур Берілетін 15 сұрақтың кезегі мынадай:       

           

15  СҰРАҚ – $1 000 000

14  СҰРАҚ – $500, 000

13  СҰРАҚ – $250,000

12  СҰРАҚ – $125,000

11  СҰРАҚ – $64,000

10  СҰРАҚ – $32,0000

9   СҰРАҚ – $16,000

8   СҰРАҚ – $8,000

7   СҰРАҚ – $4,000

6   СҰРАҚ – $ 2,000

5   СҰРАҚ – $1,000

4   СҰРАҚ – $500

3   СҰРАҚ – $300

2   СҰРАҚ –– $200

1   СҰРАҚ – $100

 

Әр сұраққа ойлануға 2минут беріледі!

 1)Жасушаны ашқан ғалым кім?

A) К. Линней

C) Р.Гук

B) Ж.Б.Ламарк

D) Ч.Дарвин

2)Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай

ұғымды білдіреді?

А) Жер өлшеу

C) Ұзындық өлшеу

B) Аудан өлшеу

D) Көлем өлшеу

3)Хром кен орындары Қазақстанның қай

өңірінде орналасқан?

A) Батыс Қазақстан

C) Оңтүст. Қазақстан

B) Солтүс. Қазақстан

D) Шығыс. Қазақстан

4)Параллелепипедтің неше қыры, неше

жағы бар?

A) 2 қыры,3жағы

C) 6қыры,12 жағы

B) 12қыры, 6жағы

D) 10қыры, 5жағы

5)Ер адамдардың көмейінің ұзындығы

A.) 35 мм.

C.) 40 мм.

B.) 50мм

D.) 45 мм.

6)Темірдің құймалары

A) Қола, болат

C) Мыс,жез

B) Жез, қола

D) Шойын,болат

7)Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?

A) 1

C) 6

B) 2

D) 0

8)Микроскоптың негізгі бөлігі қалай

аталады?

A)обьектив

C)заттық үстелше

B) айна

D) окуляр

9)Жер қыртысында жалпы мөлшері

0,03%-ті құрайтын d- элементін атаңыз

А)Хром

B) Мыс

C) Темір

D) Мырыш

10)Микроскоптың барлық бөлшектері

орнықты тұру үшін қайда бекітіледі?

A)айна

C) бұранда

B)тұтқа

D) табан

11)Малахит қай металдың минералы?

A) Мырыш

C) Мыс

B) Темір

D)Хром

12)Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км.жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

A) 5 км/сағ

C) 3 км/сағ

В)15 км/сағ

D) 10 км/сағ

13)Арқар-меринос қойын шығаруға еңбек

сіңірген ғалым?

A) Ж.Күдерин

C) К.А.Тимирязев

В) А.Ы.Жандеркин

D) Б.М.Мусин



14)Жер қыртысында құрамы бойынша

23-орын алатын элемент?

A) Мыс

C) Темір

B) Алюминий

Д) Мырыш



15)Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге

бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай?

A) 1 метр

C) 4метр

B) 3метр

D) 5метр

Ойын жеңімпазы анықталады



Жүргізуші:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты,

Биология,химия ғылымдар ханшайымы

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, Әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Бүгінгі мерекемізге ән-шашу .Ән орындалады

Қорытынды.

Жүргізуші:

Қорытындылау үшін сөз жалпыбілімділік кафедрасының меңгерушісі Рахимберлина Асем Сагындыковнаға беріледі

Жеңіп шыққан 1,2,3 орын алған ойыншылар марапатталып, грамота, сыйлық ұсынылады. Ойынға қатысқан 7 ойыншыға ынталандыру сыйлығы беріледі

Жүргізуші:

Алдымызда жайнаған жүздер әні,

Сіздерменен кездесеміз біздер әлі

Көрермен осыменен сау тұрыңдар,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі

Осымен «Миллионды кім алады» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар.





-80%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуальды ойыны (31.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт