Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  7 класс  /  Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

7-сыныпқа арналған Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу» тақырыбының сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл жоспарда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Соған сәйкес әдіс- тәсілдер алынған. Бұл жоспар жас мамандар үшін жақсы үлгі жоспар екеніне сенімдімін

11.06.2019

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Мектеп: №274

Күні: 8-сабақ

Мұғалімі:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар

Судың қайнау үдерісін зерделейді, қыздыру қисығын салып үйренеді, зерттеушілік дағдылары дамиды

Оқушылардың басым бөлігі

Қыздыру қисығын салады және оны талдайды, танымдық түсініктері жетіледі.

Кейбір оқушылар

Бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіреді

Тілдік мақсат:

Оқушылар: (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым)

Заттардың қайнау үдерісіне сипаттама бере алады, маңызы, қолданылуы туралы ой қорытады. Ойын ашық жеткізе біледі. Сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қайнау үдерісі, булану, конденсациялану

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қайнау үдерісі, заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Заттардың күйлерін ажырата білу маңызды

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруіне сипаттама жазады

Алдыңғы оқу

Физикалық құбылыстар, заттардың агрегаттық күйлері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

3 мин





3 мин


1)Ұйымдастыру

Мақсаты: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, табыс тілеу. Психологиялық ахуал тудыру үшін «Көтеріңкі көңіл күй сыйла» тренингі.

2) Үй тапсырмасын сұрау

«Қай тұжырым дұрыс?» әдісі Ж.

Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу, пікір алмасу, көзқарастарын бөлісуде белсенді жағдай орнату

Оқушы әрекеті: Сұрақтарға жеке-жеке жауап береді. Бұрын игерілген білімді қолданады

1. Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі химиялық құбылыс (+)



2. Жай заттардан күрделі зат алу әдісі анализ деп аталады (-) 3. Сұйықтың қатты күйге өтуі қайнау деп аталады (-) 4. Заттардың 4 агрегаттық күйі бар (-) 5. Сұйық заттың газ күйіне айналуы булану деп аталады (+) 6. Заттарды бір күйден екінші күйге ауыстыруға болады (+) 7. Қатты заттар пішіні мен көлемін сақтамайды (-) 8. Сұйық куйдегі заттардың молекулалары бір-біріне жақын болғандықтан, оларды сығу қиын (+) 9. Газ молекулалары еркін қозғалады, сондықтан газдың пішіні болады (-) 10. Диффузия құбылысы арқылы қатты күйдегі заттар молекуласының қозғалысын зерттейді (-) 11.) Бұлттың түзілуі физикалық құбылыс (+) 12. Ағаштың жануы химиялық құбылыс (+) 13. Айранның ашуы физикалық құбылыс (-) 14. Қыраудың басуы химиялық құбылыс (-) 15. Шаштың ағаруы физикалық құбылыс (-) 16.Қорғасынның балқуы химиялық құбылыс (-) 17. Темірдің тот басуы химиялық құбылыс (+) 18. Балқу, агрегаттық күйдің өзгеруі физикалық құбылыстың белгісі(+) 19. Заттардың түсінің өзгеруі, иісі бөлінуі, газ түзілуі физикалық құбылыстың белгісі (-) 20. Тұнбаның түзілуі, жарық пен жылудың бөлінуі химиялық құбылыс тың белгісі (+)






Үлестірмелі таратпалар

Ортасы

Жаңа сабақ

5мин







15 мин







7 мин





5 мин

3. Жаңа сабаққа дайындық:

«Миға шабуыл» әдісі Ұ.Ж.

Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу.

1) Зат қандай физикалық процестерге ұшырауы мүмкін? 2) Заттардың агрегаттық күйлері өзгергенде заттарда қандай процестер жүзеге асуы мүмкін? Оқушылармен бірге заттардың агрегаттық күйлерін әңгімелеу

Оқушы әрекеті: сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды, табыс критерийлерімен танысады, мұғалім қойған мәселелерін шешеді

4. Жаңа сабақты оқып үйрену.

5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау процесін зерттеу» (Ж; ЖЖ)

Мақсаты: тақырыптың мағынасын ашады.

Оқушы әрекеті: Оқушылардың жұптасып жұмыс жасайды, тұжырым жасайды, теориялық материалды, экспериментті талдайды, қорытынды жасайды, өз жұмыстарын қорғайды

Мұғалім әрекеті: ҚТ ережелерін талқылайды. Жұптар жұмыс істеуіне, эксперимент жүргізуіне бағыт беріп, көмектеседі

Жұмыс барысы:

1. а) 50 мл суды колбаға құйып, спиртшаммен қыздыру

ә) Температураның өзгеруін әр минут сайын өлшеу

б) Судың қайнау диаграммасын сызу

2. а) 50 мл су құйып, 1 ас қасық ас тұзын салып араластыру, қайнату

ә) Температураның өзгеруін әр минут сайын өлшеу

б) Ерітіндінің қайнау диаграммасын сызу

5. Бекіту

«Сұрақтар шеңбері» (Ж; ЖЖ)

Мақсаты: тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау.

Оқушы әрекеті: Оқушылар материалды талдайды, нәтижелері бойынша тұжырым жасайды, стикерлерге сұрақтар жазады, сол сұрақтарға жауап алады

Мұғалім әрекеті: ҚТ ережелері туралы білімдерін тексереді. Қажет болған жағдайда жауаптарды түзетеді

6. Қорытындылау

Мақсаты: оқушылардың оқу барысындағы өзін-өзі бағалауы.

Кері байланыс (Не үйрендім? Не қиын болды? Сабақтың қай бөлігі жеңіл болды?)

Сабақтан алған әсерлері мен тілектерін стикерлерге жазады.

Бағалау: формативті бағалау, топтар бас бармақ көрсету арқылы бағалайды.


Интербелсенді тақта

(басбармақ арқылы формативті бағалау)







Жазу дәптері, оқулық,



Термометр, 50 мл колбалар, спиртшам, милиметрлік қағаз, су, ас тұзы, қасық










Оқулық, стикерлер





Үлестірмелі таратпалар


Аяқталуы

2 мин


7. Үйге тапсырма: §2-3.тақырыпты оқу, қайталау

Үй жұмысының ерекшеліктерін түсіндіреді.

Оқушы әрекеті: Күнделіктеріне жазады

Оқулық

Күнделік



-80%
Курсы повышения квалификации

Применение кейс-технологии на уроках химии и биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу» (25.53 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт