Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  6 класс  /  Қош келдің Алтын күз

Қош келдің Алтын күз

Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде. Алтын күз мерекесін өткізу сценариі.

30.07.2018

Содержимое разработки



Тақырыбы: Қош келдің – Алтын күз

Мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып күз байлық,береке,молшылық,шаттық,қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу,өздеріне ерік бере отырып ауызбіршілікке,ынтымақтастыққа еңбекке баулу.

Жүзгізуші: Кеш жарық,қымбатты ұстаздар,ата-аналар және оқушылар! «Қош келдің-Алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Мерекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын! Қасиетті күз мерекесін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-кең даланың дархан дастарханы.Күз дегеніміз- байлық,молшылық,береке шаттық,қуаныш.

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын, Көңілдің серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Берекелі бірлікпенен ортақтассын

Берекелі де мерекелі Алтын күз құтты болсын!!!

Ән: Айнагүл

Күз мейрам құтты болсын баршаға Күздің сәні келіп қапты ортаға Қазылар алқаасымен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа. Бүгінгі мерекеге қатысушы Ханзада мен Ханшайымдардың өнерлеріне әділ бағасын беретін әділ қазыларды ортаға шақырамыз.

1.2.3

Олай болса сайыскерлерімізді ортаға шақырып жеребе суыртып реттік санын анықтап алайық.

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.Сайысқа 5-11 сынып аралығынан әр сыныптан 1-жұп қатысады.

  1. «Таныстыру» (газет,төсбелгі болмайды)

  2. «Ән көңілдің ажары» (ән айту мәнері,сахынада өзін-өзі ұстауы ескеріледі)

  3. «Би сайысы» (Бидің мазмұндылығы ескеріледі)

  4. «Сән үлгісі» (жұптардың тапқырлығы,жарасымдылығы, үйлесімділігі ескеріледі)

  5. «Сұрақ-жауап»(Өз деңгейлерінде сұрақтар қойылады,

  6. «Пародия сайысы»

1.Сайыс шарттарымен таныс болсақ ортаға №1 топты ортаға шақырамыз.

№2,№3,№4,№5,№6,№7.

Таныстыру бөлімінің бағасын берулеріңізді сұраймын

2.Жандары жақсылыққа тұнып дәйім Жол берсін қақ жарылып қырық қайың Құрметпен ортаға шақырайық. Үміткерлер сіздерді ән сайысына шақырамыз. Келесі бөлім «Ән көңілдің ажары»

№1,№2,№3,№4,№5,№6,№7.

«Ән көңілдің ажары» бөлімінің бағасын берулеріңізді сұраймын

3.Табиғатты бабамыз ала берген секілді Дархандықты қазаққа дала берген секілді Еркелікті, ерлікті желден алған секілді Мөлдірлікті,көрікті көлден алған секілді демекші келесі кезекті «Би сайысына» береміз

№1,№2,№3,№4,№5,№6,№7.

Би сайысының бағасын берсеңіздер

4.Келешекте әлі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдалсын,қалыспаңдар Өнерлерің көбейсін күннен-күнге, Өмір-күрес,әлі талай жарыстар бар.Сән үлгісі бөліміне де келіп жеттік,кезекті сән үлгісі бөліміне береміз

№1,№2,№3,№4,№5,№6,№7.

Сән үлгісі бөлімінің бағасын сұраймыз



5.Сұрақ-жауап сайысы. Әр топқа өз деңгейінде 4 сұрақ беріледі. Топтар кезекпен сахнаға келіп сұраққа сол бойда жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

№1,№2,№3,№4,№5,№6,№7.

Сұрақ-жауап сайысының бағасын сұраймыз.

6.Бар сұлулық құйылған бір басына Жарасып-ақ тұр бәрі сұлбасына. Бетті шымшып,жауратып күз салқыны, Еркелейді еріксіз сырласына. Кезекті «Пародия» сайысына береміз.

№1,№2,№3,№4,№5,№6,№7.

Пародия сайысының бағасын берсеңіздер.

Әділ қазылар қортынды шығарганша кезекті әнге береміз

Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымыз биік шыңдарды бағындырып.қонар тұғырлары биіктей берсін. Кешімізді осымен аяқтаймыз.Жеңісті күндерде кездескенше, достар! Тіршілікте бәрімізге де орын бар, Басады кейде онсызда қиын жалындар. Қуаныш та бар,өкініште бар жолдарда. Ұстазым менің,достарым менің Бәріңде аман болыңдар! Тамашалағандарыңызға рахмет сау-саламат болыңыздар!





















«Сам» мектеп-балабақша кешені КММ











Қош келдің Алтын күз

































2017-2018 жж

-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қош келдің Алтын күз (21.94 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт