Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Мероприятия  /  10 класс  /  Қорғасын және оның әсері

Қорғасын және оның әсері

Қазіргі кезде адам табиғаттың тепе – теңдігін бұзғаны үшін өзінің денсаулығына зиян келтіргенін сезеді. Тыныс жолы және ас қорыту мүшелері арқылы ағзаға түсетін улы заттар ластанған ауада және суда болады. Ластанған топырақ және су тамақ арқылы ағзаны улап, немесе ауыл шаруашылығында пайданалуға да жарамсыз болып қалады.Үнемі қаладағы үлкен қорғасын төбені көрген кезде мына жердегі адамдардың денсаулығы қалай екен деп ойланатынбыз. Қорғасынның адам денсаулығына қаншалықты әсерінің бар екендігін біле отырып өз қаламыздың тазалығы қандай дәрежеде екендігін анықтау мақсатында осы жұмысты орындадық Оның құрамында «А» дәруменнің орнында қорғасынның тұрғандығы белгілі болып отыр

02.06.2019

Содержимое разработки


Қорғасын және оның адам денсаулығына әсері

Оқытушылар: Жаркимбекова А.Т.

Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі

Елбасымыз Отанымыздың ғылыми – техникалық дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Олар нанотехнология, биотехнология, ғарыштық технология, көмірсутек және кен металлургиясы өнеркәсіптеріне арналған технология. Болашақта біз осы бағыттардың барлығын терең меңгеріп, өз еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуымыз қажет. Біз өзге елдердің мамандарымен тең дәрежеде сол технологияларды меңгеруге тиіспіз. Осындай жоғары дәрежеге жетсек, біз елімізді, өз өмірімізді, болашағымызды жақсартпақпыз. Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Адамның денсаулығы үшін қажетті жағдайлар- таза ауа,су, топырақ.

Қазіргі кезде адам табиғаттың тепе – теңдігін бұзғаны үшін өзінің денсаулығына зиян келтіргенін сезеді. Тыныс жолы және ас қорыту мүшелері арқылы ағзаға түсетін улы заттар ластанған ауада және суда болады . Ластанған топырақ және су тамақ арқылы ағзаны улап, немесе ауыл шаруашылығында пайданалуға да жарамсыз болып қалады.Үнемі қаладағы үлкен қорғасын төбені көрген кезде мына жердегі адамдардың денсаулығы қалай екен деп ойланатынбыз. Қорғасынның адам денсаулығына қаншалықты әсерінің бар екендігін біле отырып өз қаламыздың тазалығы қандай дәрежеде екендігін анықтау мақсатында осы жұмысты орындадық Оның құрамында «А» дәруменнің орнында қорғасынның тұрғандығы белгілі болып отыр

Пікір

Қазақстан Республикасының айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, эканомикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған. Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы.Орта қалыпты болмаса адам ден саулығының бұзылуна әкеліп соғады.

Студенттің ғылыми жобасы жан-жақты терең теорияға негізделіп жазылған.Эксперименттік бөлімінде автокөлік жүретін жол бойындағы және жолдан қашықтықтағы топырақ үлгілерінің құрамындағы қорғасынды анықтаған.Студенттің еңбегі ғылыми тұрғыда жазылған.

Тақырыптың өзектілігі:

Еліміздің басты байлығы ол – адам. Әр адамның бірінші байлығы денсаулығы қошаған ортаның , ауаның,ауыз судың , топырақтың тазалығына және құрамына байланысты. Сондықтан қаламыздың тұрғындары пайдаланып отырған топырақ құрамын

зерттеу, ең өзекті мәселе болып табылады,

Зерттеу проблемасы

Қоршаған ортамыздың ауыр металдармен , оның ішінде қорғасынмен ластану көздерін анықтап, оларды жою жолдарын іздестіру

Зерттеу мақсаты

Қарағанды қаласының тұрғындарының ден саулығына назар аудара отырып, егіс егіп отырған топырақ құрамын анықтау, қорғасынмен қаншалықты ластанғанын білу, ол мөлшердің денсаулыққа әсерін анықтау болып табылады.

Жумыстың міндеттері

1. Қоршаған ортамыздың ауыр металдар мен ластану көздерін анықтап, олардың мөлшерін есептеу.

2. Топырақтың құрамындағы қорғасын металының мөлшерін анықтау үшін тәжірибе жасау.

3. Қорғасынның адам ағзасына әсерін анықтау

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

Әр түрлі зиянды заттармен атмосфералық ауаның ластануы тыныс алу жолдарының ауруларын туғызады. Өкпенің пәле ауруын тудыратын канцерогендік заттардың ауада кобеюі ерекше қауіпті. Түсті металлургия зауыттарының ауаға шығаратын улы заттары адам ағзасында қантамырлар аурулары, жүйке жүйесінің бұзылуы, мүшелерде қатерлі ісіктердің пайда болуына себепші болады. Қарағанды қаласының ауасының ауыр металдармен ластануы қаланың және оның маңындағы ауыл адамдарында неше түрлі созылмалы қауіпті аурулар тудырады. Жыл сайын Қазақстанда тұрғындардың әр түрлі ауруларының саны өсіп келе жатқаны байқалады. Металдар және басқа микроэлементтер қоршаған ортадан тағам өнімдеріне жиі түседі. Олар тек тағаммен ғана емес демалатын ауамен, ас суымен түсуі мүмкін. Бірнеше ауыр металдар (сынап, кадмий, қорғасын) ерекше улы болып саналады. Металдардың тағамдық өнімдерінде кездесу мөлшері 2-3 есе жоғары фондық, ал ШРЕК дан жоғары – жарамсыз. ФАО және ДДСҰ бірлескен комиссиялары тағам өнімдерінің халықаралық саудасының азық-түлік кодексі бойынша бақылауда өнім құрамындағы 8 (сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк, мыс, стронций, мырыш, темір) металдың болуын енгізеді.Бұлардан басқа қажетті жеті химиялық элемент: сүрме, никель, хром, аллюминий, фтор, йод бақылауға айналған.

Қорғасынның негізгі қасиеттері

Қорғасын адамзаттың ең алғаш қолданған ауыр металдарының бірі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ мыңжылдықтырынан бері қолданылып келеді.Ең алдымен Римдіктер қорғасыннан су өткізетін құбыр жасапты.Содан кейін шарап құйып сақтап қоятын ыдыстар жасап, шарап сақтап қойыпты.Қорғасын ыдыста сақталған шарапты олар жоғары бағалапты. Өйткені қорғасын зиянды зат бөліп, шараптың дәмін өзгертіпті. Бұл дәмнің қаншалықты ден саулыққа зиян екенін римдіктер ол кезде білмепті.Қорғасынның атауы «Өте лас» деген мағына береді.

Химиялық қасиеттері:Табиғатта қорғасын таза күйінде сирек кездеседі.Ол жұмсақ, майысқақ және икемделгіш метал.Азот қышқылында тез ериді.Оның барлық қоспалары қатты улы болады.

Пайдалануы:Қорғасынды электр желілерін, аккумляторлар,оқ-дәрі өндірісінде кеңінен қолданылып келеді. Қорғасын гамма сәулелерін жақсы сіңіреді.Сондықтан оны радиоактив заттармен және рентген сәулелері мен жұмыс істегенде қолданып келеді.Ренткенге түсіретін адамдардың алжапқыштары мен қолқаптары өте ауыр болады.Өйткені ол қорғасын қосылған жіптен жасалады. Қорғасын адамды рентгеннің өткір сәулесінен қорғайды. Кейбір еріген қосылыстары медицинада қолданылады.Қалай айтсақта қорғасын, бағалы, дүниежүзілік саудада сұранысқа ие метал.

Қорғасынның адам денсаулығына әсері

Қорғасын-бұл ауыр метал,улы,улылығы 1-3 грам,адам өміріне қауіпті мөлшері 10 грам. Ағзаға қорғасын қосылыстары асқорыту жүйесі ,тыныс алу жүйесі, тері арқылы түседі. Қорғасынмен уланған кезде миға зақым келеді (энцефалопатия), эритроциттердің бұзылуынан қанның тыныс алу қызметі, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады. Оқушылардың шаштарының құрамындағы қорғасын мен кадмийдің деңгейі олардың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған.Англияда 40 мың мектеп оқушысының қанының құрамындағы қорғасынды тексеріп,орташа 2,5 микрограм/децилитр болыпты Мамандар мұның өзі улы әсер ететінін дәлелдеп отыр. «Қорғасын жоғары жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, баланың мінез-құлқын өзгертіп жібереді»-дейді мамандар. Балалардағы төмен салмақ, аласа бой, есту кемістігі сияқты аурулар қорғасынмен уланудан болады. Қанда қорғасынның шектен тыс көбеюі ақыл кемістігіне әкеліп соғады.Қорғасын қосылыстары ересек адамдарда қан қысымының жоғарылауы, жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің қызметінің бұзылуына зиянды әсер етеді. Сонымен қатар қорғасының адамның репродуктиві қызметіне әсері осыдан 100 жыл бұрын белгілі болған. Жүктіліктің 12-14 апталарында қорғасын қосылыстары жиналып, соның салдарынан түсік, тастау, іштей өлі туылуы, жаңа туылған сәбидің жүйкесінің зақымдануы ,кемтар баланың дүниеге келуі байқалады. Қорғасын ағзаға түскеннен кейін бірнеше минут өткен соң қан жасушасына қосылып, эритроцитке жабысады, өйкені эритроцитте плазмаға қарағанда 16 есе көп мөлшерде қорғасын сақталады.Сүйек құрамындағы кальций жетіспеушілігне шалдықтырып, тіс құрамын бұзады. Ерлер организімінде қорғасының спрематогенезге зиянды әсер зор. Мысалы оған хромосомдық аберрациялар, сперматозидтар санының азаюы, олардың пішіні мен қызметінің бұзылуы дәлел болды. Ағылшындар қазіргі кездегі тәрбиелеуі қиын балалардың, үлгерімі төмен балардың біразының қан құрамын зерттеп, қорғасын қосылыстарының көп мөлшерде екендігін анықтап,олардың осындай болуына бірден-бір себеп осы удың әсері деп ұйғарды. Улы заттардың адам ағзасына әсері оның әсер етуші мерзіміне байланысты. Мысалы, улы заттар аз уақыт әсер етсе адамның басы айналып, лоқсып, ауызы қурап, жөтеледі. Егер улы заттардың әсері көп уақытқа созылса, онда адам есінен танып, қатты уланып, өліп кетуі де мүмкін. Бұндай жағдай ірі қалаларда болатын түтін немесе өндіріс орындарында авария кезінде ауаға улы заттардың бөлінуінен болады.

Адам ағзасының улы заттарға реакциясы оның жасына, жынысына, денсаулығына байланысты. Улы заттар жас балаларға, қарт адамдар мен ауру адамдарға көп әсер етеді. Улы заттардың әсері ұзақ уақытқа созылса, онда ағза қатты уланады да, адамның мінезқұлқы өзгеріп, нейропсихологиялық өзгерістерге ұшырайды: тез шаршау, жиі есінеу, ұйқы қашу,тәбеттің нашарлауы, зейіннің төмендеуі , ұмытшақтық, көңіл – күйдің ауытқуы, т.б

Қоршаған ортаның қорғасын мен улануының негізгі көздері

1)Автокөлік жанармайындағы қорғасынды қосылыс ;

2)Консерві құтыларын жасауға қолданылатын қорғасынды қосылыс;

3) Құрамында қорғасыны бар бояулар

4)Керамикалық глазурлер

5)Қорғасын қосылысынан жасалған су құбырлары;

6 )Қорғасын -балқыту,аккумлятор зауыттарының қалдықтары

Автокөлік қалдықтарының ішінде ең қауіптілерінің бірі қорғасын. Жанармайдың октан санын және детонацияға тұрақтылығын арттыру үшін оған тетраэтилқорғасын қосылады. Сол этилденген бензин жанған кезінде қорғасын оксиді РbO шаң түрінде атмосфераға шығарылады.

Этилденген бензиннің 1т жанғанда 0,5 - 0,85 кг қорғасын оксиді шығарылады. Қорғасын оксиді адам ағзасына өсімдік және жануартекті тағам өнімдері арқылы түседі. Қорғасын және оның қосылыстары улы заттардың тізіміне қосылады. Қорғасын адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, оның есте сақтау қабілетін бұзады. Құлақтың естуі нашарлап, жүрек ауыруларына шалдықтырады. Жол жағалауында өсетін өсімдіктерде қорғасынның мөлшері көп болады. Қалыпты жағдайда 1кг өсімдіктегі қорғасының мөлшері 10мг аспауы керек. Транспорт құралындағы іштен жану двигательдерінде, органикалық отынды жағу салдарынан, қоршаған ортаға көмір қышқыл газы мен зиянды заттардың – қорғасынның, күйенің күкірт пен азот оксидтерінің, этилен, бензол, этан, метан – көп мөлшері бөлініп шығады. Әсіресе, барлық, транспорт түрлерінің ішінде, автомобиль транспорттарының зиянды қалдықтары 70% құрайды және ол антропогенді әсерлер есібінен атмосфераны ластаушы заттар мөлшерінің 40%-на дейін жетеді.Қазіргі уақытта атмосфераның ластануының негізгі көзі автокөлік болып табылады. Атмосфераны ластайтын кең тараған улы заттар: СО; SO2; NOX ;CnHm және шаң. Ауаны ең көп ластайтын автокөлік. Барлық ластаушы заттардың ішінде автокөлік Қазақстанның ірі қалаларының ауасын 60-80% ластайды, ал Алматы қаласының ауасын 90% ластайды.

Аталған ластаушы заттардан басқа ауаға бөлінетін күшті улы заттар: фтор, хлор, қорғасын, сынап қосылыстары, бензапирен, т.б бүгінгі күні 500-ден астам атмасфераны ластаушы зиянды заттар белгілі. Олардың саны жыл сайын өсіп отыр.

Зерттеу жұмысы. топырақ құрамындағы қорғасын мөлшерін анықтау.

Қазіргі кезде топырақтың ауыр металдармен ластануы адам денсаулығына үлкен зиян келтіруде. Соның ішінде автомобил бензиніне қосылатын қорғасын металы аса қауіпті.Сондықтан, осы жұмыста Қарағанды қаласының топырағының химиялық құрамы анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмысының барысында Pb 2+ иондарына сандық және сапалық талдау жасалып, мөлшерлері анықталды және экологиялық проблемаларға назар аударылды.

Бүгінде топырақты ғылыми негізде жүйелі түрде дұрыс пайдаланбағандықтан оның құнарлығы мүлдем кеміді. Топырақ киелі дүние.Оны түсінген адам ғана оның қыры мен сырына үңіле алады. Осы жағдайларды еспке ала отырып, өзіміздің еліміздің егін шаруашылығына қолданылатын жер көлемін басқа дамыған елдердің қолданыстағы жер көлемімен салыстырып көрейік. Біз, кең байтақ жеріміздің жыртылған егін шаруашылығына қолданылатан көлемі жан басына шаққанда басқа дамыған елдерге қарағанда көп.

Қорғасынды колориметрлік анықтау әдісі.

Бұл әдіс заттардың құрамындағы өте аз мөлшердегі элементтерді анықтау үшін қолданылады. Осы әдісті алғашқы болып 1795 жылы орыс ғалымы В.М.Севергин минералды сулардың құрамындағы темірді анықтау үшін қолданады.

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: калориметр,бюретка,тамшыуыр, колба 100 мл, шыны таяқша, дистилденген су, (NH4)2S және PbNO3 ерітінділері.

Зерттеуге дайындық.

Зерттелетін топырақтың № 1, № 2, №3 үлгілерінің ерітіндісін дайындау.

Стандартты (эталонды) ерітінді дайындау: 0,1600 г азотқышқылды қорғасын 100 мл дистилденген суда ерітіп колбаға құямыз. Бұл ерітіндінң 1мл –де 0,001 г қорғасын бар. Сондықтан ол күкіртті аммониймен қара түсті коллоидті ерітінді түзеді. Ерітіндіні одан ары сұйылту үшін 4мл өлшеп алып оған 100мл дейін дисттилденген су қосамыз.

Зерттеу барысы.

Бюретканың көмегімен колориметрдің цилиндрлерінің біреуіне алдын ала дайындалған стандартты ерітіндіні құйып, оны дистилденген су қосып, 100мл дейгейіне жеткіземіз. Колриметрдің екінші цилиндріне зерттелетін топырақтың ерітіндісінен 100мл құямыз. Екі цилиндргеде тамшылатып тең мөлшерде (NH4)2S ерітіндісін құямыз. Қоспаны шыны таяқшаның көмегімен араластырып тұру керек. Қос цилиндрді де колориметрдің жарық түсетін экранының алдына қойып, түсінің өзгеруін бақылаймыз. Қорғасын тұздары PbNO3 күкіртті аммониймен қоңыр түсті коллоид ерітінді түзеді. Екі цилиндрдегі ерітіндінің түсі бірдей болғанша шүмек арқылы ерітіндіні құйып аламыз. Сондағы құйып алған ерітіндіміздің көлемі бойынша ерітіндідегі қорғасынды анықтауға болады.

Нәтижелердің қорытындысы.

Зерттеу кезінде колориметрдің бірінші цилиндріне 2мл стандартты ерітінді құйылды. 100мл ерітіндідегі қорғасының мөлшері:

2*0,04 = 0,08 мг Pb

№ 1 үлгідегі зерттелетін ерітіндінің түсін қалыпты жағдайға келтіру үшін 80мл ерітінді жұмсалды. Онда:

Х*100= 0,08*80

Бұдан: х= 0,08*80/100=0,064мг Pb

Бұл №1 үлгідегі зерттелген топырақ ерітіндісінің 100мл-дегі қорғасынынң мөлшері. Демек оның 1литрінде 0,064*10=0,64мг Pb бар.


№ 2 үлгідегі зерттелетін ерітіндінің түсін қалыпты жағдайға келтіру үшін 40мл ерітінді жұмсалды. Онда:

Х*100= 0,08*40

Бұдан: х= 0,08*40/100=0,032 мг Pb

Бұл №2 үлгідегі зерттелген топырақ ерітіндісінің 100мл-дегі қорғасынынң мөлшері. Демек оның 1литрінде 0,032*10=0,32мг Pb бар.


№ 3 үлгідегі зерттелетін ерітіндінің түсін қалыпты жағдайға келтіру үшін 90мл ерітінді жұмсалды. Онда:

Х*100= 0,08*90

Бұдан: х= 0,08*90/100=0,072 мг Pb

Бұл №2 үлгідегі зерттелген топырақ ерітіндісінің 100мл-дегі қорғасынынның мөлшері. Демек оның 1литрінде 0,072*10=0,72мг Pb бар.

Альтернативті ұсыныстар.

1. Жанармайға мүмкіндігінше қорғасын қосылыстарын қосуды азайту.

2. Жанармайдың балама түрлерін (биожанармай, этил, метил спирттері) қолдану.

3. Негізгі автокөлік көп жүретін күре жолдарды елді мекендердің ішінен өткізбеу керек.

4. Автокөліктердің түтін шығатын жерлеріне қорғасынды ұстап қалатын сүзгі қондырғысын орналату.

5. Жанармай бекеттерін елді мекендердің ішіне салуға тыйым салу.

6. Қорғасын зауытының қалдығынан өлкемізді тазарту керек.

7. Ескі автокөліктердің жүруін шектеу керек, көп мөлшерде айып пұл төлету;

8.Жол жағалауларына ағаш отырғызу

Қорытынды

Келтірілген дәлелдер химиялық өндірістердің көптеген экологиялық проблемалар тудырып отырғанын көрсетеді. Алайда ол өркениеттің дамуының ажырамас бөлігі болғаны үшін біз одан бас тарта алмаймыз. Сондықтан химияны экологияландыру – бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз.осы жұмысымызды жүргізу барысында көптеген білмейтін нәрселерімізге көз жеткіздік. Қорғасынның ағзаға әсері өте үлкен. Ауамызда, топырағымызда, ауыз суларымызда, балықтарымызда қорғасынсыз емес екен.Біздің ауылымыздың тұрғынарының көбі жеміс-жидекті егіп. Сонымен, Қарағанды өңірінің топырағының ауыр металдармен ластануы оның адам денсаулығына әсерін зерттеуімізді қорытындылайтын болсақ, яғни жанармай бекеттерінің және үлкен трасса жолының топырақтарында қорғасының мөлшері қалыпты жағдайдан 2-2,5 есе жоғары екені анықталды. Ал автокөлік аз жүретін және күре жолдан алыста орналасқан Қарағанды өңірінің топырағында қорғасының мөлшері қалыпты жағдайға жақын болып шықты.Орта есеппен бір автокөлік жылына 2,5-3 кг қорғасын бөліп шығарады. Сондықтан қорғасын үлкен трассалардың бойында көп шоғырланған. МАИ қызметкерлерінен алған мәліметіміз бойынша қаламызда жеңіл және жүк көліктерінің жалпы саны 2700 көлікті құрайды. Орта есеппен әрбір көлік жылына 2,7 кг қорғасын бөліп шығарады десек онда жылына ол 7290 кг болады.

Қазіргі кезде топырақтың ауыр металдармен ластануы адам денсаулығына үлкен зиян келтіруде.

Қорғасын қалдығының ішінде пайдалы және сирек кездесетін элементтер көп, оларды кезегімен өңдеп алуға да болады. Сондықтан келешек ұрпақ қажетіне жарату үшін, мамандар қалдықты осындай жолмен сақтауды ұсынып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Хайкина Н.Жаңарған , Жасаған Оңтүстік. Алматы – 2012. «АСА» баспа үйі

2.Дауренбекова А.Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі. Алматы -2005

3.Методы диагностики экологически зависимых отклонений в нервно-психическом развитии детей: пособие для врачей / И.Н. Ильченко, С.М. Ляпунов, С.В. Матвеева и др. – М., 2004. – 52 бет.

4.Намазбаева З.И., Мукашева М.А., Пудов А.М. и коллектив авторов. Определение содержания тяжелых металлов в объектах окружающей среды и биоматериалов на атомно-абсорбционном спектрометре МГА-915. – Астана, 2007.

5. Подходы к организации массовой биологической профилактики вредного влияния химического загрязнения среды обитания на здоровье детского населения и к оценке ее эффективности (опыт Свердловской области): пособие для врачей. – Екатеринбург, 2005. – 44 бет

6.Реброва О.Ю. Статистический анализ медицинских данных. – 4-е изд. – М.: Медиа Сфера, 2006. – 312 бет.

7. Охрана природы. Почвы. Методы отбора и подготовки проб для химического, бактериологического, гельмитопогического анализ.Станадартинформ, 2008.

8. Ливанов П. А., Соболев М. Б., Ревич Б. А. Свинцовая опасность и здоро-

вье населения. // Рос. Сем. Врач. 1999, № 2

9. Корбанова А. И., Сорокина Н. С., Молодкина Н. Н. и соавт. Свинец и его

действие на организм. // Мед. труда и пром. экология. 2001, № 5

10. Изомеров И. Ф. К проблеме воздействия свинца на организм человека. //

Мед. труда и пром. экология. 1998, № 2



















-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қорғасын және оның әсері (34.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт