Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Презентации  /  7 класс  /  "Қарлұқ қағанатының құрылуы"

"Қарлұқ қағанатының құрылуы"

04.11.2021

Содержимое разработки

VI—VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақ-тық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұктардың бірқатар шоғырланған топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия), Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең оңтүстігінде Ауғанстанның солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «елтебер» деген атақ алған, ұйғырлар мен аздардың билеушілері осылай аталған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.
  • VI—VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақ-тық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұктардың бірқатар шоғырланған топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия), Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең оңтүстігінде Ауғанстанның солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «елтебер» деген атақ алған, ұйғырлар мен аздардың билеушілері осылай аталған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.
  • Қарл ұ қтардың дербестікке ұ мтылуы олардың Ұ йғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлүқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бүрынғы күш-қ ұ діретінен айрылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарл ұ қтарға лайықты қарсылық керсете алмады. Б ұ л оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында : « Ит жылы үш - қарл ұ қ опасыздық жасап , қашып кетті . Ол а р батыстағы он оқ халқының еліне келді », — деп көрсетілген . Түргештердің әулеттік руларының саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай наместниктері пайдалана қойды . Тань әскерлері Суябты басып алды , Шашқа ( Ташкентке ) дейін жетті , бірақ м ұ нда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал өрісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді .
  • Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді , оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұ шырады . Араб тарихшысы Ибн әл - Асирдің мәліметтеріне қарағанда , Атлах қаласының түбінде 50 мың қытай өлтіріліп , 20 мындайы т ұ тқынға алынған . Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес , ұ йғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті . Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай , Шашқа шегінді . Соның нәти - жесінде қарл ұ қтар өз жағдайын нығайтып алды .
  • Қарл ұ қтардың астанасы мен олардың көптеген қалалары Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу т ұ рғындары үшін дипломатиялық және сауда жолы ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани жетілу жолы ретінде де зор маңызы болған Ұ лы Жібек жолының бойында жатты.
  • Өзара қырқыс , билік пен жайылым үшін күрес қарл ұ қтардың этникалық - әлеуметтік қауымын әлсіретті , солай бола т ұ рса да , онда патриархаттық - феодалдық қатынастар нақ сол кезде одан әрі дамыды .
  • Билік етуші ақсүйек үстем топтардың иерархиялық қатаң жүйесі айқын бейнеленіп қана қойған жо қ , сонымен қатар қарл ұ қ конфедерациясьшың рулары мен тайпалары да әлеуметтік маңызына қарай бөлінді .
  • Көшпелі тайпалардың билеп - төстеуші шонжарлары жайылымдық жерлерді ғана емес , қалалық орталықтарды да иеленді . Қарл ұ қтар т ұ рған аймақ , « Худуд әл - алам » (X ғ.) авторының мәліметтеріне қарағанда, түріктерге қарасты аумақтар арасында халық мейлінше көп қоныстанған және ең бай жер болған; онда қалалар мен отырықшы қоныстар көп еді. Нақ сол деректемеге сәйкес, қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болған, олардың ішінде Қ ұ лан, Мирки, Аталық, Түзун, Балық, Барсхан, Сикуль, Талғар, Тоң, Пен-чуль және басқалар бар. Қарл ұ қтар хақанының қаласы ерекше, әл-Идри-сидің (XII ғ.) мәліметтері бойынша, ол «көп адам т ұ ратын және бекіністі, әскері сансыз көп және жарақтары мол» деп сипатталған.
Қарл ұ қ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарл ұ қтар талай рет белсене қолдады . Қарл ұ ктардың шығыста Ұ йғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды . 791 жылы ұ йғырлар Бесбалық түбінде карл ұ қтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады . 812 жылы олар қарл ұ қтарды толық женді . Қарл ұ қтарды қуа отырып , ұ йғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті , олардың адамдары мен малын қолға түсіріп , Орт а лық Азияға қайтып кетті . Осы қатаң жеңілістен кейін қарл ұ қ жабғуы Монғолиядағы орталығы Отюкен болған ұ йғыр қағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды . ¥ йғырлардың билеп - төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті . Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында т ұ рған гулиган халқы аймағына дейін тарады ; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін , оңтүстік - шығыста - Саян жотасына дейін барды .
  • Қарл ұ қ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарл ұ қтар талай рет белсене қолдады .
  • Қарл ұ ктардың шығыста Ұ йғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды . 791 жылы ұ йғырлар Бесбалық түбінде карл ұ қтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады . 812 жылы олар қарл ұ қтарды толық женді . Қарл ұ қтарды қуа отырып , ұ йғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті , олардың адамдары мен малын қолға түсіріп , Орт а лық Азияға қайтып кетті . Осы қатаң жеңілістен кейін қарл ұ қ жабғуы Монғолиядағы орталығы Отюкен болған ұ йғыр қағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды .
  • ¥ йғырлардың билеп - төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті . Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында т ұ рған гулиган халқы аймағына дейін тарады ; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін , оңтүстік - шығыста - Саян жотасына дейін барды .
  • Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды . Макдисидің (X ғ.) мәліметтері бойынша, м ұ нда «дін жолында» соғыс жүргізу үшін 1700 рабат (керуен-сарай) салынған. Б ұ л цифр, әрине, көрінеу көзге асыра айтылған, бірақ ол көп жайды аңғартады. Саманилер өздерінің ықпалын бүкіл Испиджаб аймағына жүргізіп, оның халқы арасында м ұ сылман дінін орнықтыруға күш салды. 893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға үлкен жорық жасады, м ұ ның нәтижесінде Тараздың билеушісі өзінің диқандарымен бірге ислам дінін қабылдауға мәжб ү р болды, ал қаланың басты шіркеуі мешітке айналдырылды. Тараздың билеушісі Саманилердің әулетіне жартылай вассалдық тәуелділікте болды.
  • М ұ нымен қатар Жетісу түріктері Саманилердің тегеурініне төтеп беріп қана қойған жоқ , сонымен қатар өздері де олардың мемлекетіне жорықтар жасап т ұ рды . Мәселен , 904 жылы түріктің кеп әскері Мауараннахрға басып кірді , бірақ көп ұ замай онан ығыстырылып шығарылды .
  • Қалалық орталықтарда отырған билеуші қарл ұ қ шонжарларында елеулі әскери күш болды . Мәселен , тегін атағы бар Барсхан билеушісі 6 мың жауынгер жинай алатын еді , Пенджикент билеушісінің — 8 мың , Беклиг қаласында Иналтегіннің 7 мың жауынгері болды , Суябтың ялан - шахы 20 мыңға дейін әскер шығара алды және т . т . Қарл ұ қ қағанатындағы үлестік - тайпалық басқару жүйесі орталық билікті мойындамай , билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды .
  • «Худуд әл-аламның» мәліметтеріне қарағанда, Суяб ауданында т ұ хси тайпалары мекендеген. Т ұ хсилердің үлкен бір тобы X ғасырға дейін қар-лүқтардан солтүстікке таман қоныстанған. X ғасырдың орта шенінде олар оңтүстікке қарай едәуір жылжып, қарл ұ қтармен бірге Тянь-Шанның батыс сілемдерін бойлай орналасады. Испиджаб, Тараз және Баласағ ұ н қалалары өңірінде түргештердің аргу тайпасы т ұ рды. Шу аңғарында қарл ұ қ қоныстарының орталығы — Баласағ ұ н қаласы болған.
  • Әл-Идрисидің картасында қарлұқтардың екі тобының аумақтық орналасуы көрсетілген. Қарл ұ қ этнонимін әл-Идриси жазудың белгілі екі түрінде — арабша және парсыша: харлух және халлух деп береді. Хақан басқаратын қарл ұ қтар мекендейтін негізгі аудандар төртінші және бесінші климаттардың тоғызыншы бөлігіне орналастырған. Әл-Идрисидің картасына қарағанда, қарл ұ қтар елінің оңтүстігінде Бухайрат ат-түрік (Түрік көлі немесе Самджан көлі) деген үлкен көл орналасқан.
  • Әл-Идриси еңбегінің тексінде б ұ л көл туралы ешқандай мәлімет жоқ, ол мүлдем ауызға алынбайды. Түрік көлінің оңтүстік жағында, қарл ұ қтар мекендеген аймақта Жоғарғы Барсхан қаласы көрсетілген, көптеген деректемелер бойынша қазір ол Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына сеніммен орналастырылуда, м ұ ның өзі Түрік көлін Ыстықкөл деп санауға берік негіз береді.
  • Оңтүстігінде және оңтүстік-шы ғ ысында қарлұқтар Тибетпен және тоғыз-ғұздармен ( ұ йғырлармен) шектесіп жатты. Қарл ұ қтар иеліктерінің Тибетке жақындығы «Худуд әл-алам» анонимінің қолжазбасында да атап өтілген. Тегінде, Памирдің оңтүстік-шығыс жағындағы таулы аймақтар мен Шығыс Түркістан аймағы (Жаркент, Хотан) Тибет делініп отырса керек. Қарл ұ қтар мен ұйғырлар (тоғыз-ғүздар) арасындағы шекараға келетін болсақ, ол Шершен, Тарым және ішінара Ақсу өзендерінің бойымен өткен. Шығыс жағында қарлұқтардың иеліктері кимектердің жеріне тікелей жақын орналасты. «Қарл ұ қтардың Атракан қаласынан кимектердің бірінші қаласы — Карантия қаласына дейін түріктерден шыққан көшпелі халық т ұ ратын шөл арқылы он түнеп жетуге болады», — деп жазады әл-Идриси. Карантия қаласы Алакөл көлінің ойпатына сәйкес келетін үлкен Гаган көлінің оңтүстік-шығысына орналасқан. Әл-Идриси суреттеген географиялық жағдайды ескергенде, «Сурат әл-ардтың» деректері қарл ұ қтар мен қимақтар арасындағы шекаралық өңірді Алакөл көлдері жүйесінің батысына қарай жатқан деп анықтауға мүмкіндік береді. И. Маркварт Балқаш көлін Гаган көлі деп санады. Алайда ұ сынылған ұ қсастыруды сәтті шыққан деп санауға болмайды, өйткені, «Н ұ зхат әл-мұштақ» тексіне сәйкес, Гаган көлінің оңтүстігіне таман тоғыз-ғ ұ здар мекендеген, ал сонымен бірге ортағасырлық жазбаша деректемелердің және қазіргі ғылыми зерттеулердің деректемелерін жинақтау негізінде Балқаштың оңтүстік жағында VIII ғасырдың орта кезінен бастап қарл ұ қтардың қоныстанғаны туралы қағида орнықты. Әл-Идрисидің «Сурат-әлард» деген картасында қарл ұ қтардың едәуір тобы Іле аңғарында, Түріктер көлі (Ыстықкөл) мен Тахама көлі (Балқаш көлі) арасында орналастырылған.
-75%
Курсы повышения квалификации

Историко-культурный стандарт в рамках реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қарлұқ қағанатының құрылуы" (1.45 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт