Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  "Бірге еңбектенеміз"

"Бірге еңбектенеміз"

Қол адамға не үшін керек қандай пайдасын барын түсіндіру. Білімділік:Әлемдегі, айналамыздағы еңбектер мен жақсылықтардың бәрі де адам қолымен жасалатынын айтып, көрсетіп білу. Тәрбиелік:Үлкендердің еңбегін бағалап құрметпен қарауға өз қолдарымен еңбек ете білуге, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Дамытушылық:Әңгімелесу, сұрақ қоя отырып балалардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
26.05.2020

Содержимое разработки

Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні: 10.02.2020

Тәрбиешісі:Турсынбаева Ж.К.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту (кіріктірілген)

Тақырыбы: Қол адамға не үшін керек?

Мақсаты: Қол адамға не үшін керек қандай пайдасын барын түсіндіру.

Білімділік:Әлемдегі, айналамыздағы еңбектер мен жақсылықтардың бәрі де адам қолымен жасалатынын айтып, көрсетіп білу.

Тәрбиелік:Үлкендердің еңбегін бағалап құрметпен қарауға өз қолдарымен еңбек ете білуге, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Әңгімелесу, сұрақ қоя отырып балалардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.

Көрнекілік: (Слайд адамдардың қолдан жасаған жұмыстары көрсетілген),

ҰОӘ барысы:

1.Ұйымдастырылған-ізденіс

Шаттық шеңбері

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік,

Күлкі көңіл ашады!

Күліп өмір сүрейік!

2.Негізгі бөлім:
1.(Көңілсіз музыкамен сайқымазақ келеді.)

Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен көңіл күйім болмай тұр.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе, Сайқымазақ саған не болды? Сен үнемі көңілді жүруші едің неге көңіл күйің жоқ?

Сайқымазақ: Менің қолымнан ештеңе келмейді. Әдемі сурет салуда, жапсырып құрастыруды да жасай алмаймын. Қол сонда не үшін керек ештеңе жасай алмасам?

2.Тәрбиеші:Сайқымазақ кел, отыра қой көңіл күйіңді түсірме. Біздің бүгінгі сабағымыз осы қол туралы болмақ.Сен де мұқият тыңда. Мысалы мына слайдқа назар аударайық.

(слайдта адамдардың қолдан жасаған жұмыстары көрсетіледі).

1 слайд-

2слайд-

3слайд-

4слайд-

Адамдардың қолынан көп нәрсе келеді екен. Қолмен әлемде болып жатқан өзгерістер мен жақсылықтың барлығы да қолмен жасалады..

міне балалар бұның барлығы қолмен жасайды екен. Адамдар қолдарымен еңбек ету арқылы бір – біріне жақсылық жасайды екен.

Сайқымазақ:Қандай керемет! Қолмен бәрінде жасауға болады екен.

3.Саусаққа байланысты (санамақ айтады)

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар! сендердің қолдарыңнан келетін жақсылық ол папа – мамаларыңның айтқанын тыңдап көмектесу.іні-сіңілі, қарындастарыңа көмектесу және апайлардың берген тапсырмасын ұқыпты орындау. Ендеше мен сендерге дайындаған ойын тапсырмаларым бар орындап көрейкші. Балалар адамдарда неше қол болады? (Оң және сол қол). Қолда не болады? (Саусақтар) дұрыс айтасыңдар.Неше саусақ болады? Оң қолда нешеу? Сол қолда неше саусақ?

Балалар үш орталыққа арналган тапсырмаларым бар. Тапсырманы орындау үшін мына карточкаларды таңдаңдар. (қызыл, көк, сары)

Қызыл карточка- Өнер орталығы

Кок карточка- Құрастыру орталығы

Сары карточка- Көркем әдебиет орталығы

4. Қызыл карточка- Өнер орталығы(Сайқымазақтың суретін бисермен желім арқылы әсемдейді)

Көк карточка- Құрастыру орталығы(Қағаздан оригами тәсілін пайдаланып мысық бейнесін құрастыру)

Сары карточка- Көркем әдебиет орталығы (Е.Пермяктің «Қол бізге не үшін керек» атты әнгімесін қойылым арқылы айтып беру)

Немерелері атасымен дос атасын қатты жақсы көреді.Олар ылғи атасының қасында жүреді.Барлық тақырыпта атасымен сөйлеседі. Бір күні атасы немерелерінен былай деп сұрайды:

Балаларым, қол бізге не үшін керек?

Ойын ойнау үшін ата – деп жауап береді.

Тағы не үшін? – деп сұрады атасы.

Тамақ ішу үшін.

Мысық ұстау үшін.

Киімдерімізді кию үшін т,б.

тек өзінің қолына өз қажеттіліктерін орындауға байланысты ойын айтты. Атасы: немерелерім қол адамдарға тек заттарды ұстау үшін ғана емес, тағы да еңбек ету үшін, және жақсылық жасау үшін қажет — деген екен.

Тәрбиеші:

Балалар, әңгіме не туралы айтылған екен?

Қол бізге не үшін керек?

(Балалар өз ойларын айтады)

Дұрыс айтасыңдар балалар!

Балалар қолға араналған қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

Көз қорқақ, Қол батыр

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Қолы ашықтың – жолы ашық.

Саусақ бірікпей ине ілікпейді.

Сайқымазақтың қайтуы:

Сайқымазақ: Рахмет балалар! Өте әдемі екен.

Тәрбиеші: Сайқымазақ сен бүгін қолдың не үшін керектігін түсіндің ба? Қолсыз біз ештеңе жасай алмаймыз.Сенің де қолыңнана келетін іс бар ол адамдарды күлдіру, адамдарға қуаныш сыйлау келеді. Ол да үлкен еңбек.

Сайқымазақ:Мен енді түсіндім. Енді балаларды күлдіріп жүретін боламын. (Күлдіретін қимыл жасайды) балалар сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!

Тәрбиеші: Кәне,балалар бойымызды сергітіп жаттығу жасап жіберейік.

Сергіту жаттығуы

«Көңілді күн» әуені

2 ауысым орталыққа отырады

3.Қорытынды:

Тәрбиеші:

Балалар бүгін біздің сабағымыз не туралы болды?

Қандай әңгіме тыңдадыңдар?

Қандай суреттерді көрдіңдер?

Не жасадыңдар?

Жарайсыңдар балалар, рахмет!

Менің сендерге бір сыйым бар ол сендердің балабақшаға келген кезден бастап, өз қолдарыңмен жасаған әр түрлі заттардан жасалынған жұмыстарыңнан көрме жасадым қараңдаршы

Слайд корсетіледі

Осымен біздің сабағымыз аяқталды . Сау болыңыздар!

















































Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні:10.02.2020

Тәрбиешісі: Турсынбаева Ж.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» 
Бөлімдері: «Сурет салу» 

Өтпелі тақырып: «Бірге еңбектенеміз»
Тақырыбы: «Үйдің суретін саламыз» (Заттық сурет салу). 
Мақсаты:Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру. 
Білімділік: Бояу түсін таңдай білу, сурет салуға қызығушылығын арттыру. 
Дамытушылық:Заттардың түсін айыра білуге үйрету. Саусақ маторикаларын дамыту. 
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа , бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу. 
Қажетті құралдар: қарындаштар, ақ парақ, сүлгі. 
Көрнекілік: геометриялық пішіндер, үйдің суреті. 
Сөздік жұмыс: Қабат, көп қабатты. 
Билингвальді компонент: Үй –дом, есік-дверь, достар-друзья. 
ҰОӘ барысы:

1.Ұйымдастырылған-ізденіс

Біз қандаймыз-қандаймыз. Арайлап атқан таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз. Еш уайымды білмейміз. 
Ғажайып сәт. 
Топқа аю келеді. Амандасады. 
-Балалар аю ренжіп отыр, оның үйі жоқ екен. Біз оған үй салып берсек қайтеді. 
Балалар жартылай шеңбер құрып, өлең жолдарын айтады. 
-Сәлеметсің бе ,аю? 
Балалар келіседі. 
2.Негізгі бөлім

Балалар қарындаштарды ауызға салуға болмайды. 
Бір-бірімізге сілтеуге болмайды. 
«Үй» тақырыбына сурет салу технологиясы. 
1.Қағаздың сол жағына жоғарыдан төмен қарай сыза отырып төртбұрыш, қағаздың оң жағына төменнен жоғары қарай сызып, текше саламыз. 
2.Үшбұрыш пішінімен үйдің төбелерін және терезелерін саламыз. 
3.Үйдің есігін кішкентай төртбұрышты пішін арқылы саламыз және суретті бояймыз. 
Сергіту сәті. №6 
Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш боп ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп алайық. 

Сөздік жұмыс: Қабат, көп қабатты. 
Билингвальді компонент: Үй –дом, есік-дверь, достар-друзья. 
Мақал айтып үйренейік. 
«Туған елдің түтіні жылы» 
(Мағынасын түсіндіру). 
-Балалар мен сендерге Ғ. Өкеевтің «Біздің үй» деген өлеңін оқып берейін

. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Сосын барлығымыз қайталап жаттап алайық. 
Қалаушы да табылды, 
Үй салынды, жабылды. 
Қосып құмға лайды, 
Сылақшылар сылайды. 
Терезе, есік, едені, 
Қиюласты әдемі. 
Құрылысшы боламыз, 
Зәулім үйлер саламыз. 
Балалар қауіпсіздік ережесімен танысады. 
Қағаздың сол жағына жоғарыдан төмен қарай сыза отырып төртбұрыш, қағаздың оң жағына төменнен жоғары қарай сызып, текше салады. 
Үшбұрыш пішінімен үйдің төбелерін және терезелерін салады. 
Үйдің есігін кішкентай төртбұрышты пішін арқылы саламыз және суретті бояйды. 
Балалар қимылдар жасап бойларын сергітеді. 
Балалар сөздерді айтып қайталайды. 
Балалар мақалды айтып мағынасын түсінеді. 
Балалар өлеңді мұқият тыңдап, тәрбиешімен бірге қайталап жаттауға тырысады. 
3.Қорытынды:

-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді? 
- Біз ненің суретін салдық? 
-Балалар аю сендердің салған суреттеріңе риза болды. 
-Аюмен қоштасайық. 
-Бүгін аю қонаққа келді. 
-Үйдің суретін салдық. 
-Сау бол аю. 
































Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні:11.02.2020

Тәрбиешісі: Бралина Г.К.

Білім беру саласы; «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Өтпелі тақырып: «Бірге еңбектенеміз»

Тақырыбы:Адам еңбегінің нәтижесі .

Мақсаты; Өзінің адам әлеміндегі жағдайы туралы түсініктерін кеңейту.Барлық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру.Еңбекқорлыққа баулу.Өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.

Керекті құралдар: отбасы және өздері бейнеленген бейнеленген суреттер,үлкен хатқалта.

ҰОӘ барысы:

1.Ұйымдастырылған-ізденуші

1.Педагог топқа хатқалта алып кіреді.

-Балалар,бізге"Отбасы қаласынан"хат келіпті.Тыңдаңдар."Құрметті балалар,біздің шеберлер қаласында мамандық түрлері өте көп,сендер өскендеәрқайсысың бір мамандық иесі боласыңдар.Әзірше,сендер кішкентайсыңдар,сондықтан мен сендерді Мамандықтар қаласына қонаққа шақырамын".

Балалар,бұл қалаға бару үшінбізге сиқырлы кілем керек.Өйткені біз өзен-көл,тау мен ормандардың үстінен ұшып өтеміз.

Мамандық(профессия)-адамның белгілі бір саладағы еңбегі.Мысалы,тіс дәрігері,сатушы,дәрігер,шаштараз,тәрбиеші,күтуші,т.б,

2.Негізгі бөлім

2.Білімді өзектендіру.

(Тақтаға түрлі мамандықтар суреті ілінеді).


-Біздің қалада әртүрлі мамандық иелері тұрады.Аспаз-ең басты мамандықтардың бірі.

Безендіріп үстелді,

Тәтті тамақ пісірер.

Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.Сендерге қандай тамақ түрлері ұнайды?

-құрылысшылар зәулім үйлерді тұрғызады.Олардың бірі кірпіш қаласа,бірі ауыр жүктерді кранмен жеткізіп тұрады.Енді бірі дайын болған үйдің есік-терезелерін сырлайды.

-Жүргізуші дегеніміз-көлік түрлерін жүргізетін адам.Мысалы;автобус жүргізушісі т.б.

3.Өздері өскенде кім болатындарын әңгімелеп айту.


4.Сергіту сәті.

3.Қорытынды

Мамандықтар қаласында аурухана бар.Ауруханада дәрігерлер жұмыс істейді.Дәрігер ауру адамдарды емдейді.


-Ал енді балабақшаға оралатын кез келді.Кілемге отырыңдар,топқа ұшамыз.-Балалар,біз қайда саяхаттадық? Қандай мамандық түрлерімен таныстық?

-Қай мамандық сендерге ұнады ?Өскенде кім болғыларың келеді?










Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні: 11.02.2020

Тәрбиеші:Бралина Г.К.

Білім саласы: «Шығармашылық» 

Бөлімі: «Аппликация

Өтпелі тақырып: «Брге еңбектенеміз»

Тақырыбы: «Менің үйім»

Мақсаты: Үшбұрыш пен шаршы геометриялық пішіндерден композиция

құруға үйрету.ұқыптылыққа, әсемдікке баулу.

Сөздік жұмыс: үшбұрыш, шаршы, құрылысшы

Ғажайып сәт

Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді екен, қарандаршы.

Тәрбиеші қолына ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді.

Балалар қуыршақты көріп қуанады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Қуыршақ:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым- Азамат.

Маған үй салуға көмектесіңдерші.

-Үй салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық.

Балалар түрлі пішіндерді таратады.

Д/о: «Пішіндерді ажырат».

-Мынау-кішкентай шаршы.

-Мынау-үлкен шаршы.

-Мынау-үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Кішкентай шаршының түсі қандай?

-Үлкен шаршының түсі қандай?

Үшбұрыштың түсі қандай?

-Енді үйді саламыз.

Тақтаның ортасына үлкен шаршыны қояды.

Білінгвальді компонентүй-дом.

-Бұл қандай пішін?

-Бұл үйдің қабырғалары.

-Бұл әлі салынып бітпеген үй.

Тәрбиеші кішкентай шаршыны үлкен шаршының ішіне қояды.

-Бұл – үйдің терезесі.

Үйдің төбесіне үшбұрышты қояды.

-Бұл қандай пішін?

-Бұл үйдің төбесі.

-Кәне, балалар, енді біз құрылысшы болайық, Азаматқа үй салып берейік.

Сөздік жұмыс: құрылысшы.

Сергіту сәті:

Ал енді жұмысқа кірісейік.

Балалар қуыршақпен сәлемдеседі.

Балалар келіседі

Ойынға кіріседі, қайталайды.

Мынау-кішкентай шаршы.

Мынау –үлкен шаршы.


Мынау-үшбұрыш.

Иллюстрацияны қарап, жауап береді:

-Көк.

Қызыл.

-Сары.

-Шаршы.

-үшбұрыш.

Балалар үй салуға ынталарын білдіреді.

Қайталайды: құрылысшы.

Сергіту сәтің қимылмен көрсетеді

Балалар үйді құрастырып шығады.

Рефлексивті-коррекциялау

Азамат балалар салған үйді қарайды, балаларды мақтайды.

-Болашақта жақсы құрылысшы болады екенсіңдер!

Азамат балаларға рақмет айтады.

Қоштасады.

Балалар қуанады.

Балалар қуыршақпен қоштасады





































Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні: 12.02.2020

Тәрбиешісі: Турсынбаева Ж.К.

Білім беру саласы:Әлеуметік орта

Бөлімдері: Экология негіздері.

Өтпелі тақырып: «Бірге еңбектенеміз»

Тақырыбы:Алтын балық

Мақсаты:Аквариумда тіршілік ететін алтын балық туралы түсіндіру.Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Жанды табиғи мүшелеліне қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: алтын балығы бар аквариум үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: қабыршық.

Билингвальды компонент: балық-рыба,су –вода.

ҰОӘ барысы:

1.Ұйымдастырылған-ізденіс

«Мұхит дыбысы» үнтаспадан тыңдатылады.

-Бүгін сабақ өте қызықты болмақ.

Сабақтың тақырыбын білу үшін жұмбақты шешіп көрейік.

-Сусыз өмір сүре алмайды,Аяғы жоқ ,жүре алмайды.(Балық-рыба)

2.Негізгі бөлім

Білімді өзектендіру.

-балықтар қай жерде тіршілік етеді?

(Өзен,көл,мұхит).

-Балықтың денесі немен қапталған?

Қабыршақ сөзін бірнеше рет қайталау.

Осы сөзге сөздік жұмысын жүргізу.

Қабыршақ-балық денесін жауып тұратын,бөлек-бөлек жұқа,қатты қабықша.

Билингвальды компонент: балық-рыба,су –вода

Аквариумен таныстыру және бақылау.

Педагог балалардың назарын алтын балығы бар аквариумды көрсетеді.

-Балалар,мынау не?(Балық)

-Аквариум-су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.Оның кейбір түрлерін дельфинарий,океанариум деп те атайды.

Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келеді.

Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады.

Онда өсімдіктер де өсіріледі.Әдетте арнулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі.

Суы мезгіл –мезгіл ауыстырылып тұрады.Балықтың денесін қабыршақ жапқан ,бірақ қабыршықсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар.

Желбезектерімен судағы еріген ауамен тыныс алады.

Саусаққа арналған «Балық» жаттығуы.

Балық жүзді сүңгіді,

Таза суды бүлдірді.

Бір көрінді ,жоқ болды,

Әдемілеп секірді.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.

Жеке жұмыс. «Аквариумдағы және өзен-көлдердегі балықтардың тіршілігіндегі айырмашылықтар қандай?» сұрағын бірнеше балаға қояды.

3.Қорытынды

Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қорытындылайды




Ересек «ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кқнспектісі

Күні:13.02.2020 ж.

Тәрбиешісі: Бралина Г.К.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Өтпелі тақырып: «Бірге еңбектенеміз»

Тақырыбы: Себет.

Мақсаты:

Себеттің қажеттілігі туралы түсінікберу, ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, өсу тәсілі арқылы затты кұрастырып мүсіндеуге үйрету.

Ұсақ қол, саусақ қимылдарын дамыту.

Жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзаракөмек көрсетуге,жақсы нәтижеге жете білуте тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қайталау, көркем әдебиет.

Көрнекі құралдар: себет түрлері, ТОҚ, интерактивті тақта, №1 слайд,№2 слайд.

Билингвалды компонент: себет – корзина – basket

Негізгі бөлім: Есік қағылады. Педагог балалардың назарын дыбыс шыққан жакқа аударады. Бөлмеге аю кейпіндегі бала кіреді.

- Сәлеметсіндер ме, балалар?!

-Кәне, балалар, аюға сәлем берейік, алыстан жол жүріп, шаршап келген болар.

Педагог:

- Балалар, өздерін білетін болар-сыңдар, казір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі

Аю:

-маған қар қатты ұнайды,

Қанекей балалар аюға көп қар жинап береміз бе?

-онф қайда жинаймыз?

-себетке немесе шелекке

-онла аюға себет жасап берелік!

Жұмысты бастамас бұрын себеттің түрлерімен танысып алайык.Интерактивті тақтамен жұмыс

Себеттің әртүрлі пішіндегі түрлері (дөңгелек, сопакша, төртбұрыш).

Ағаштан, бамбуктан, сымнан тоқылган себеттің түрлері.

Педагог тазалық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Жасайтын себеттерінің түсін, түрін балалардың өздеріне таңдатады.

- Ермексазды 2 бөлікке бөлеміз. Бұл себеттің астынғы және үстіңгі жағын жасау үшін керек. 1-жолы. Табанын жасау.

Алақан арасына салып, домалақ-таймыз және тактайша үстінде тегістеп жалпақтаймыз.

2-жолы. Есу арқылы қабырғаларын жасаймыз.

Сопақша пішінге келтіріп, бірдей 6-7 бөліккебөліп, тақтайша үстінде ширатып созамыз.

Сергіту сәті:

Бас бармагым — атам,

Балаң үйрек - әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек- шешем,

Титтей бөбек—мен.

(Е.Өтетілеуов.

3. Қорыту:

Аюға қар жинау үшін себет жасап бердік

Мүсіндеген заттарыныңқажеттілігін естерінесала отырып, ойларын қорытады. Мадақтауарқылы еңбектерін бағалайды


Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің конспектісі

Өткізу күні:13.02.2020

Тәрбиешісі: Бралина Г.К.

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Бірге еңбектенеміз»

Тақырыбы: «1 саны және сан белгісі, Біреу көп»

Мақсаты:

1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуғаүйрету;заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін

қалыптастырудыжалғастыру;

Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың усақ бұлшық еттерін дамыту;

Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.

Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.

Билингвалды компонент: фигура-фигура-figure, шаршы-квадрат-square, көлік-транспорт-transport.

1.Ұйымдастырылған-ізденіс:

 Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады

«Жасырынбақ» ойыны түрінде

ұйымдастыруға болады.

2.Негізгі бөлім:

Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:

- Олар қандай фигуралардан құралған?

- Бұл заттар қалай аталады?

Оларға ортақ атау (көліктер) беругеболама?

Педагог топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады (8-кесте).

- картиналарда ненің суреті салынған?

- Автобус нешеу? Трактор нешеуекен? Картинаданеше жүк көлігі бар?

- Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл – көлік)

- Көліктің басқа қандайтүрлерін білесіңдер? (Мотоцикл, велосипед т. б.)

—Мұнданеше автобус бар? (Біреу).

Трактор нешеу? (Біреу) және т.б.

Бүгін біз 1 санымен және цифрыментанысамыз. 1 туралыөлең оқып береді.

1-дің бейнесіне ұқсайтын суреттер

көрсетуге болады.

«1»-ге ұқсайтын бұл не?

Ол - кәдімгі ине.

Сабақтап жіп іл де,

Қада онымен түйме.

Дәптерлеріңді ашыңдар. 1-тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу? Олқандайцифрмен белгіленген? Санға қараңдар. Олтуралытақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралыбалаларбілетін 1-2 тақпақты айтады).

3. Қорытынды:

 Сабақты қорытады. «Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?» «Ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер. Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз». Балаларды мадақтайды. Бүгінгі және бұрынғы сабақтарда өткенді тиянақтау үшін 3-тапсырманы береді.

- Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсіқандай?»

Әр баланы мадақтайды және устелдерініңүстін реттеулерін сұрайды.


















































Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні: 24.02.2020

Тәрбиешісі: Турсынбаева Ж.К.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырлған оқу қызметі: Сөйлеудідамыту 

Өтпелі тақырып: «Тұрмыстық техника және біз»

Тақырыбы:  «Электротехникалық тұрмыстық заттар»

Мақсаты: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту. Балалардың сөздік қорын байыту.

Әдіс-тәсілдер: көрсетіп,түсіндіру, сұрақ-жауап, триз, тәй-тәй технологиясы ойын Лэпбук Геоконт тақтайшасы

Көрнекіліктер   Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер    АКТ, Аудио жазбалар, Тұрмыстық заттар шаңсорғыш, үтік                     

ҰОӘ барысы

1.Ұйымдастырылған-ізденіс

Шаттық шеңбері

Үш тілде амандасу

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:

Үлгі тұтар бетке үстар Біз балдырған баламыз Биде билеп суреттіде саламыз Білім берген күлімдеген аямаған еңбекті Еркемайдың атынан ұстаздарға мың алғыс

2.Негізгі бөлім

Сұрақ-жауап

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар -Қазір жылдың қай мезгілі -Қыс мезгілінде неше ай бар

-Балалар біздің айлық тақырып қандай

-Апталық тақырып ше

Ғажайып сәт: ұшатын табақшаның келуі (муз ) Балалар бұл ненің дыбысы Томпақтың келуі Сәлеметсіңдерме балалар Мені таныдыңдар ма Мен сендерден көмек сұрай келдім. Балалар сендер менің достарымды танисыңдар ма. Сол менің достарым мына жұмбақтардың шешімін таба алмай жатыр. Сендер менің достарыма көмектесесіңдер ма. Олай болса мен сендерге жұмбағымды жасырайын

Жұмбақтар шешу

Аязға толы жәшігім Ішінен тамақ тасыдымТоңазытқыш Жарайсыңдар

Ал енді томпақ келесі жұмбағыңды жасыр

Тәбетін ашсаң Тамағы лас шаң Шаңсорғыш ТомпақЖарайсыңдар балалар сендер менің достарым білмеген жұмбақты біледі екенсіңдер

Балалар менің келесі жқмбағымҚызып кетсе табаны Бар жалғыз ақ алаңы Бар жалғыз ақ шатағы Іздей бастар матаны Үтік

Бұл не? Ия бұл үтік онымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды. Неге?  Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады

Томпақ Балалар мені достарым шақырып жатыр. Енді менің кетуім керек. Бұл жұмбақтың шешуін достарымада айтайын. Сендердің ақылды екендеріңді біліп жүрсін. Ендеше қош сау болыңдар (Кері ұшыру)

Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар.

Белсенді орталықтармен жұмыс

Үстел үсті ойын орталығы

Геоконт тақтайшасын пайдаланып тұрмыстық заттарды құрастырту

Желілі ролді ойын орталығы

Балаларға тұрмыстық заттарды өз іс әрекеттерімен көрсету


Сергіту сәті

Ауысыммен жұмыс

3.Қорытынды:

Сұрақ–жауап әдісі арқылы оқу қызметінен алған білімдерін пысықтайды.

-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді

-Ол бізден қандай көмек сұрады


                                                                                       












































Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 24.02.2020 ж

Тәрбиеші: Турсынбаева Ж.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «тұрмыстық техника және біз»

Тақырыбы: «Ұялы телефон»

Мақсаттары:

-Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу

-Дамытушылық: түстерді ажыратуға дағдыландыру.шығармашылық қабілеттерін дамыту

-Оқыту: телефон суретін салуды үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын,дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлгі,телефон ойыншығы,бояу,қылқалам,су,сүрт кіш

Билингвалдық компонент:ұялы телефон мобильный телефон

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар, біз оқу қызметімізді бастамас бұрын, ойын ойнап кетейік. Ойынның аты: «Не зат,не үшін керек?» деп аталады.

Ойынның шарты: балалар шеңберде тұрып бірінші бала техника бұйымдарының атын атайды екінші бала қажеттілігін айтады.

Мысалы: үтік – киімдерді үтіктеу, тоңазытқыш – азық-түлікті сақтау.

(балалар ойынды қызыға ойнайды)

II. Негізгі бөлім:

Дұрыс айтасыңдар!

Осы заттар барлығын Тұрмыстық техника деп атаймыз.

Осы тұрмыстық техниканың ішінде біз:

«Телефонды» зерттейік.

-Ал, енді, тақтаға назар аударайық.Тақтада телефон суреттері.

«Телефон – байланыс құралы»
Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық ғалым А.Т.Белл. Ол құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап адамдар оны байланыс құралы ретінде пайдаланылады.
Бірақ біз оны еріккеннен біреумен ойнау үшін немесе қорқыту үшін пайдаланбауымыз керек.
• Егер үйде жалғыз қалып өрт шықса, телефонның қандай нөмірін тересің? (01)
•Бұзақылар,ұрылар,мазаңды алса ше? (02)
• Бөпең немесе апаң ауырып қалса ше? (03)
• Егер үйде газдың иісі шығып тұрса ше? (04)
«Кел, сөйлесейік!» - дейді.
Ең алғаш телефон соққанда, телефон соғып тұрған адам не істеу керек? (Амандасу керек)
Соңынан ше? (қоштасып кету)
- Ал біз сөйлесе аламыз ба? Қане сөйлесіп көрейікші.
- Дәрігермен.
- Өрт сөндірушімін
- Апаймен. (Балаларды рөлге ендіріп сөйлету, сөйлеткендерін талдау. Қандай қате кетті?)
Телефонның әр түрімен таныстырып кету
• Қазір көп пайдаланып жүргеніміз – ұялы телефон.
Оның зиянын айтып кету және де оны 15 жастан кейін ғана пайдалануға болатынын түсіндіріп кету.Ұялы телефон құрылысымен таныстыру.

Бүгін біз ұялы телефонның суретін саламыз.Салу жолын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Телефон
Әй, телефон, телефон,
Мамаң келіп бұраса.
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып келесің,
Айтқанына көнесің,
Әй, телефон, телефон,
Ал мен келіп бұрасам,
Кім керегін сұрасам,
Тыңдамайсың бірін де,
Гуілдейсің, мұның не?

Балалар орындарына отырып ұялы телефон суретін салады.

«Иә,жоқ» -ойыны

Ойынның шарты: берілген сұрақтарға «Иә»,немесе «жоқ»-деп жауап беру.

Сұрақтар:

Ересектерсіз үтікті қосу?(жоқ)

-Батерейкалы ойыншық машинамен ойнау? (иә)

— Кір жуатын машинаға қолды салу?(жоқ)

— Робот машинамен ойнау?(иә)

Ұялы телефонды көп пайдалануға бола ма? (жоқ)

Қорытынды:сұрақ жауап арқылы қорытындылау,жақсы салған балаларды мадақтау
































Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 25.02.2020 ж

Тәрбиеші: Бралина Г.К.

Білім беру саласы:Таным

Пән : Жаратылыстану

Өтпелі тақырып : Техника және біз

Тақырыбы : «Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі»

Мақсаттары :

1. Тәрбиелік : Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.

2.Дамытушылық : Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға, жинақылыққа баулу.

3. Оқыту : Олардың арнаулы сатылатын дүкендер атауы..Үлкендердің еңбегіне және олардың еңбектерінің нәтижесіне құндылықпен қарауға,көмектесуге жағдай жасау.

Педагогикалық технологиялар : ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету : суреттер,отбасы суреті,

Билингвалдық компонент: тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника, бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Жұмбақ шешу.

1. Біздің үйде бір зат бар

Сақтайды онда тамақты

Болсын мейлі күз бен жаз

Іші оның қатты аяз. (тоңазытқыш)


2. Шаң-тозаңды сүймейді

Тазалап оны жүр дейді.

-Бүкіл әлем ішіне сияр

Аты оның..... (шаңсорғыш)


Балалар сендердің үйлеріңде үйге өте қажетті осындай заттар, яғни тұрмыстық бұйымдар бар ма? Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар?

Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық.

Интербелсенді тақтамен жұмыс. "Презентация"

Бұл экраннан тұрмысқа қажетті техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, зияны мен пайдасы жайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру

Суретпен жұмыс:

Мысалы: Бұл не? Ия бұл үтік онымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды. Неге?  Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады.

Сол сияқты тұрмыстық үйге қажетті техникалардың барлығына жеке-жеке тоқталу.

Балалар бұлардың барлығын қалай атаймыз. Ия тұрмыстық техникалар деп атаймыз.

Билингвалдық компонент:тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника, бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос

« Шаңсорғыш» ойыны

Балалардың біреуі шаңсорғыш қалғандары шаң боп жан жаққа жүгіріп жерге қонады. Шаңсорғыш оларды жинап шығарады. Оның қолы кимге тиеді. Олар жайлап орнынан тұрады.

-Сезімге анасы демалыс күні үйдің ішін жинастырмақшы болды.Сезім анасына көмектесіп жүрді.Анасы оған кішкене ыдысқа су құйып берді,қолына шүберек ұстатты.Сезім.....(балаларға Сезім одан арғы іс-әрекетін өздері айтуды ұсынады). Анасы шаңсорғышты алып шықты. Сезім шаңсорғышты өзі іске қоспақшы болды.Оған анасы рұқсат етпеді.ол қызына былай деді:......

- Анасы Сезімге не үшін шаңсорғышты іске қосуға рұқсат етпеді?

суретті көрсетемін.

Суретте электр желісіне су қолымен ұстап жатқан көрініс бейнеленген.

-Ешқашан су қолымен электр жүйесіне жақындауға болмайды!

Өйткені су электр тогын өте жақсы өткізеді.

«Көп ойла,сөз ойла» ойыны.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып-жұмамыз.

Одан соң төмен түсіріп.

Алақанды соғамыз

3Қортынды.

Балалардан бүгінгі өткен тақырып туралы сұрақ-жауап арқылы сұрау.Балаларды мақтап-мадақтау.Бүгінгі оқу қызметінде жақсы ат салысқан балаларға смайликтер беру.





























Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні: 25.02.2020

Тәрбиешісі: Бралина Г.К.

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі:жапсыру

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Электроника әлеміне саяхат»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:Электроника әлемі туралы түсінік қалыптастыру ,қауіпсіздік ережесімен таныстырып, пайдасы туралы білімдерін нығайту.және тұрмыстық техниканы жапсыру эдементтері арқылы безендіру.

Сөздік жұмыс:теледидар, компьютер, телефон.

Көрнекілік құралдар:теледидар , компютер , телефон суреттері және құралдары.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, қимыл-қозғалыс ойындары.

 Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 1.Ұйымдастырылған-ізденіс

Шаттық шеңбері:Сәлем саған Алтын күн!

Салем саған көк аспан!

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған достарым!

 2.Негізгі бөлім:

Әуен ойналады, балалар көздеріңді жұмып елестетеміз. Алғашқы қар жауды, дала, айнала бәрі аппақ , балалар далада қардан аққала жасап, шана-шаңғы теуіп ойнап жүр. Балалар көз алдымызға елестеттікпе? Мен қай жыл мезгілін сипаттадым?

-                   Қыс  мезгілінде неше ай бар? Қандай,қандай?

-                   Қыс мезгілінде ауа райында қандай ерекшеліктер болады?(балалардың жауабы)

 

Жұмбақ

Ән салады чемодан

Ішінде тұр көп адам,

Естімейді сөзіңді,

Сөйлемейді сөзіңді.

Шешуі не екен, балалар?

                                                            (Теледидар)

 

Жарайсыңдар,балалар бүгінгі оқу қызметіміз «Электроника әлеміне саяхат» деп аталады. Электроника әлемі құралдарына: теледидиар, компьютер, телефон, үтік, шаңсорғыш, мұздатқыш жатады.

Телефон – байланыс құралы. Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық ғалым А.Т.Белл. Ол құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап адамдар оны байланыс қүралы ретінде пайдаланып келеді.

 

Егер үйде жалғыз қалып өрт шықса телефоннан - 01 нөмірін теріп өрт сөндірушілерге хабарлап айтамыз.

 Егер үйімізде бөпеміз немесе мамамыз ауырып қалса - 03 нөмірін басып дәрігерді шақырамыз.

 

Теледидар – балалар теледидардың пайдасы көп. Көптеген жаңалықтарды, киноларды, ертегілерді, концерттерді, теледидардан көреміз.теледидар көргенде біз теледидардан алыс отырып, қарауымыз қажет. Жақын отырып теледидар қарауға болмайды. Көзімізге зиян.

 

Компьютер – ақпарат құралы. Компьютер арқылы алыстағы достарымызға хат , хабарлама жібере аламыз. Компьютердің адамға көмегі зор. Адамдар жұмыс орнында компьютерді көп қолданады.

 

Балалар, ендеше біз қазір электроника құрал-жабдықтары тұратын топқа саяхат жасайық.

-                   Балалар бұл не?

-                   Телефон

-                   Телефонның бір нәрсесі жетіспейтін сияқты. Ол не екен? Телефонның реттік сандары жетіспейтін сияқты,қане мында қандай түстер жетіспейді,жапсырайық.

 

Дидактикалық ойын: «Телефон»

Мақсаты:Қатты қағаздан жасалған телефон пішініне реттік сандарын әр түспен жапсыру. Түстерді атау, пішіндерін ажырату, сөздік қорын байыту.

-                   Балалар келесі тұрған не екен?

-                   Теледидар, өте дұрыс.

-                   Теледидарды тамашалағанды сендер жақсы көресіңдер ме? Қандай?

           «Балапан» арнасы, «Маша мен аю», «Том мен джерри»

 

 

Сергіту сәті: «Аю әні»

(ноутбуктан бейнеролик корсету  арқылы  сергіту  жаттығуын жасайды)

 

 

-                   Балалар , мынау тұрған не екен?

-                   Компьютердің бір түрі –ноутбук деп аталады.

-                   Ноудбукпен ойын ойнаймыз ба?

-                   Сендер түстерді, пішіндерді жақсы білесіңдер екен. Ендеше қыс мезгіліндегі табиғатты бейнелейік.

 Негізгі жұмыс. Кір жуатын машинаның суретн жапсыру арқылы безендіру

(Балалар әртүрлі түстерді таңдайды, және қағаздарды жыртып, умаждау арқылы жапсырып безендіреді)

 «Қысқы табиғат» қарым-қатынас ойынын ойнайық.

Мақсаты:фетр матадан табиғат құбылыстарын тауып ,жапсыру,аттарын атап, түсіндіру, тіл байлығын (бұлт, шырша, аққала) жетілдіру.

 

Қорытынды:- Адамдар бір-бірімен қандай құрал арқылы хабарласады?

                         - Жаңалықтарды,ақпараттарды адамдар қайдан алады?

                         - Маңызды ақпаратты қай құрал арқылы тез жеткізуге болады?
















Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні: 27.02.2020

Тәрбиешісі: Бралина Г.К.

Білім беру саласы: Таным

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Тұрмыстық техника және біз»

Тақырыбы: Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Заттың саны мен цифры арасындағы сәйкестікті табу.

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Бастаған жұмысын аяғына дейін жасауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық: Шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш сынды геометриялық фигуралар туралы білідерін дамыту.

3.Оқыту: Математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; Цифрды заттың санымен

сәйкестендіруге үйрету;

Педагогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, демонстрциялық ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: цифрлар карточкасы, торсық, домбыра, қамзол суреті.

Билингвалдық компонент: төртбұрыш-прямоугольник,-rectangle, ұшбұрыш-триугольник,-triangle, дөңгелек-круг,-round, шаршы- квадрат,-sguare. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Жылдың қай мезгілі?
Көктем айларын ата?
Балалар,сендер ертегі тыңдағанды, сахналағанды жақсы көресіңдерме? қандай ертегі білесіңдер? 
Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. 

ІІ. Негізі бөлімі

Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша: 
-О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: - Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта. .
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр: -бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: -Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 - тапсырма
1 - ден 5 - ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0
Маша: -Дұрыс, үйге кіре ғой
Ойын: Көршісін тап (балалармен)
Қоян : - Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: -Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: - мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 - тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: -0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой.
Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады. 
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: -Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі - Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: - Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?
2.Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
3.Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 - тапсырма. Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім анама,
Бір кәмпитім әкеме.
Өзімеде жете ме? Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар, енді біз қазір шығармашылық орталыққа орналасайық, ол жерде де сендерді көптеген тапсырмалар күтіп тұр дайынсыңдарма орындауға?

4.Дидактикалық ойын: «Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Берілген карточкалардан сәйкесінше бос орындарға жетіспейтін фигуралармен толықтыру.

Шығармашылық тапсырма: «Кілемшені толтыр» берілген геометриялық пішіндерді саусақтары арқылы бояуды жағу.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: -Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын..
Балаларды Маша мадақтайды.
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» оқу қызметіміз аяқталды.














Ересек «Ақ кеме» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:26.02.2020

Тәрбиеші: Турсынбаева Ж.К,

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта

Пән:  Экологи янегіздері

Өтпелі тақырып: «Тұрмыстық техника және біз»

Тақырыбы: «Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі»

Мақсаты: 

Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға, жинақылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру.

Оқыту: Электротехникалық тұрмыстық заттармен /тоңазытқыш,теледидар,қысқатолқынды

пеш,шаңсорғыш,компьютермен/ таныстыру.Адам өмірі мен еңбегін жеңілдету үшін тұрмыстық техниканың маңызын түсіну дағдыларын дамыту.

Педагогикалық технологиялар: АКТ. түсіндіру, сұрақ - жауап, ой бөлісу,ойын технологиясы,денсаулық сақтау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, слайд.

Билингвалдық компонент:тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника-бытовая техника,электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Амандасады қонақтармен.

Есік қағылады /хат келеді/

-Балалар бізге хат келді

Хат Күлқыздаң келді.Бізден көмек сұрайды.Балға бару үшін үйді тез тазалап жинастыру керек.

Нелермен тез жинастыруға болады? Көмектесініздерші.

-Көмектесеміз ба?

-Балалар казіргі заманда техника дамыған ,бізде көп теген көмекші техника заттар қолданып жинастырамыз.

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер шешімін тауп алындар.

1.Біздің үйде бір зат бар

Сақтайды онда тамақты

Болсын мейлі күз бен жаз

Іші оның қатты аяз./тоназытқыш/

2.Шаң-тозаңды сүймейді

Тазалап оны жүр дейді.

Аты оның.... /шансорғыш/

3.Тап-таза боп жүрдейді,

Кір болса маған сал дейді.

-Осы жұмбақтың шешуіндегі сөздерді бір сөзбен қалай атаймыз?

/тұрмыстық техника/

2.Сендердің үйлеріңде қандай қажетті тұрмыстық техника бар?

Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық.

Слайд көрсету.

Бұл экраннан тұрмыстық техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, зияны мен пайдасыжайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру.

Мысалы: Бұл не? Ия бұл үтік онымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балаға қолдануға болмайды. Неге?  Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады.

Сергіту сәті: «Шаңсорғыш ойыны».

Балалардың біреуі шаңсорғыш қалғандары шаң боп жан жаққа жүгіріп жерге қонады. Шаңсорғыш оларды жинап шығарады. Оның қолы кимге тиеді. Олар жайлап орнынан тұрады.

-Балалар,бұл заттарды адамдар не үшін ойлап тапты?

-Дұрыс айтасыңдар.Адамдар қол еңбегін жеңілдету үшін тұрмыстық техниканы ойлап тапты.Ғалымдар қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды ойлап тапты.

Д/о «Орнын тап»

Мақсаты: Заттарды қажетті орнына апару балалардың ой-өрісін дамыту.

Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар?

Ойын «Бөлмені жина»

Заттарды орнына апарып жинастыру.

Балалар Күлқыз сондай көнілді енді ол білетін болды қалай тез жинастыруға болады.

-Сендерхе рахметін айтып силық беріп жіберіпті.

3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.

-Балалар біз не туралы сөйлестік?

-Оның бары не үшін қажет?








-75%
Курсы повышения квалификации

Образование и сопровождение детей с расстройствами аутистического спектра

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Бірге еңбектенеміз" (222.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт